Парламент Сенатының депутаты Дархан Кәлетаев Астана қаласындағы Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің ЕЦ-166/10 мекемесінде болды, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
Сенатор түзеу мекемелерінің жұмысымен танысты, мекеме қызметкерлерімен және сотталғандармен кездесу өткізіп, рақымшылық және пробация туралы заңдардың негізгі ережелерін түсіндіру жөнінде әңгіме болды.
«Мемлекет басшысы атап өткендей, рақымшылық жасау – ол мемлекет тарапынан жасалған ізгілікті іс. Кім қателесті, кім жаңылды, кім заңды бұзды, соларға өз жолдарын таза парақтан бастауға мүмкіндік бердік. Біздің отандастарымызға деген мейірім, үміт және кешірім шарасы қоғамымызды сауықтыруға мүмкіндік береді», – деп атап өтті. Д.Кәлетаев сотталғандармен кездесу кезінде.
«Пробация туралы» Заңның ережелерін түсіндіре келіп, сенатор пробацияның екі үлгісінің енгізілуіне байланысты елімізде есепте тұрған адамдардың мінез-құлқын бақылаудың сапалық тұрғыдағы жаңа жүйесі мен түрі жасалып жатқанын атап өтті. Ол жазаны орындаудың біздегі жүйесін 1955 жылы БҰҰ Конгресі қабылдаған «Нельсон Мандела ережелері» деп аталатын оқшауланғандарға қатысты ең аз стандарттар талаптарына сәйкес келтіруге мүмкіндік береді.
Сенатор одан басқа, мекеме аумағындағы тұрғын жай ғимараттарында, асхана мен орта мектепте, санитарлық бөлімде болды, өндіріс учаскесімен танысып, сотталғандарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.