Парламент Мәжілісінің депутаты, «Қазақстандағы украиндықтар» заңды тұлғалар бірлестігі кеңесінің төрағасы Юрий Тимощенко Украина президенті Петр Порошенконың жарлығымен «Украина Тәуелсіздігіне – 25 жыл» медалімен марапатталды. Осыған орай, аталған елдің Қазақстандағы елшілігінде арнайы жиын өтіп, Украинаның Қазақстандағы уақытша сенімді өкілі Владимир Джиджора президент аманатын депутатқа табыс етті.
Дипломатиялық корпус өкілдері мен Қазақстандағы украин диаспорасының мүшелері қатысқан салтанатты жиында В.Джиджора Украина Президенті П.Порошенконың құттықтау хатын оқып, екі ел арасындағы ынтымақтастық байланыс жөнінде сөз сөйледі.
«Мен жуырда ғана өз еліміздегі экономикалық-саяси саладағы жетекші топ өкілдерімен кездесіп, Қазақстан мен Украина арасындағы әріптестікті одан сайын тереңдету жайын талқыладым. Осы кезге дейін бірлесіп қолға алынған жұмыс, жоспарларымызды жүзеге асыру жалғасын таба түсетін болады. Осы орайда, Украина Президентінің Юрий Тимощенконы марапаттауын, Қазақстандағы украин диаспорасына көрсетілген құрмет ретінде қабылданғанын құп көремін. Өйткені, мұндай ықылас-пейілдер тараптарды жақындастыра түсіп, ұлттар арасындағы сүйіспеншілікті арттырады», – деді В. Джиджора.
Өз кезегінде Ю.Тимощенко Украина Президенті мен сенімді өкілге зор ризашылығын білдіріп, екі ел арасында қалыптасқан саяси-экономикалық байланыстың уақыт өткен сайын жоғары көрсеткіштерге ие болып келе жатқандығын атап көрсетті.
«Мен Қазақстандағы жарты миллионға жуық украин ұлты өкілдерінің атынан алғысымды білдіремін. Тағдыр талайы мен түрлі жағдайларға душар болып, Қазақстаннан дәм-тұз бұйырған украиндықтар бүгінгі таңда елдің дамуы мен өсіп-өркендеуіне шама-шарқының жеткенінше үлес қосуда. Тіпті, соңғы 5-6 жыл ішінде екі ел арасындағы байланыстар жаңаша сипат алып, ауыз толтырып айтарлықтай жемісті жобалар жүзеге асырыла бастады. Атап айтсам, «Қазақстандағы украиндықтар» заңды тұлғалар бірлестігі кеңесінің мұрындық болуымен елдің әр өңірлерінде бірлескен кәсіпорындар қызметке кірісті. Әсіресе, газ өндірісі мен машина жасау, ауыл шаруашылығы саласымен қатар, соңғы үлгідегі ноу-хау техника-технологиялар бағыты бойынша да тараптардың әріптестік аясы кең өріс алып келеді», – деді Ю.Тимощенко.
Айта кетейік, этно-мәдени бірлестік ретінде қызмет көрсететін украин ұлттық орталықтарында олардың салт-дәстүрлері насихатталып, екі ел арасындағы мәдени-рухани қарым-қатынастың жандануына септігін тигізуде.
Нұрлыбек ДОСЫБАЙ,
«Егемен Қазақстан»
Суретті түсірген
Ерлан ОМАРОВ, «Егемен Қазақстан»

Ішкі істер министрлігі 34 жасырын есірткі зертханасын жойды
Есірткі • Бүгін, 15:55
ҚазҰУ-да үстел үсті спорттық ойындарынан чемпионат өтті
Спорт • Бүгін, 15:34
Балқаштан Алматы мен Астанаға тікелей рейстер іске қосылады
Қоғам • Бүгін, 15:25
Allur «Еңбек Жастары» волонтерлік қозғалысын іске қосты
Волонтер • Бүгін, 15:15
Қазақ файтерлері қарсыластарын нокаутпен жеңді
Спорт • Бүгін, 15:10
Атырау облысындағы тексерістен кейін полиция басшылары қызметінен шеттетілді
Аймақтар • Бүгін, 15:03
Жәнібек Әлімханұлы IBF рейтингінен тыс қалды
Кәсіпқой бокс • Бүгін, 14:42
Жылдамдықты 59 рет асырған: Астанада Porsche жүргізушісі қамауға алынды
Қоғам • Бүгін, 14:34
Көркем гимнасшылар Ташкентте күміс алды
Спорт • Бүгін, 14:18
Олжас Бектенов: Шағын авиацияның әуе кемелерін сатып алу ісінде кемшіліктер бар
Үкімет • Бүгін, 13:57
«Қазсушар» филиалдарына 130 жаңа мотоцикл берілді
Қоғам • Бүгін, 13:31
«Келешек мектептері»: Елімізде 217 заманауи білім ошағы ашылды
Білім • Бүгін, 13:18
Премьер-министр теміржол вокзалдарын жаңғырту қарқынын сынға алды
Логистика • Бүгін, 13:01
Қостанай облысында жол апатынан 4 адам қайтыс болды
Оқиға • Бүгін, 12:51
Елімізде қар жауып, күн күрт суытады
Ауа райы • Бүгін, 12:42