01 Сәуір, 2011

Шәмші Қалдаяқов атындағы халықаралық «Менің Қазақстаным!» ән фестивалін дайындау және өткізудің қағидасы

1758 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін
1. Жалпы ережелер 1. Қазақтың ән өнерін дамыту, қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың мол мұрасын халық арасында орындап жүрген дарынды жастардың шығарма­шы­лығына қолдау көрсету, қазақ эстрадасы­ның маңдайалды шеберлерінің өнерін кей­інгі жас буынға үлгі ету, сондай-ақ қа­зақтың дарынды композиторының шығар­ма­ларын ұлықтап, бұқара халыққа насихаттау мақсатында Қазақстан Республи­ка­сының Мәдениет министрлігінің Мәде­ниет комитеті Шәмші Қалдаяқовтың шы­ғармашылығына арналған «Менің Қазақ­станым!» атты Халықаралық ән фестивалін (бұдан әрі – Фестиваль) өткізеді. 2. Фестиваль Астана қаласында 2011 жылғы 20-22 қыркүйек аралығында өтеді. Фестивальға облыстардың, Астана мен Ал­маты қалаларының мәдениет басқарма­ла­рының ұсынысы бойынша жергілікті жер­лерде өткізілген Ш.Қалдаяқов атын­дағы ән байқауларының жеңімпаздары (әр тараптан бір үміткер) қатыса алады. Сондай-ақ, осы Фестивальға шетелдердің орындаушылары да қатысуға құқылы. 2. Фестивальдың мақсаттары мен міндеттері 3. Фестивальдың мақсаттары мен міндеттері: 1) Ш. Қалдаяқовтың шығармашылығын кеңінен насихаттап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу; 2) ән өнерінің ең жақсы дәстүрлері мен жетістіктерін жаңғырту, дамыту және насихаттау; 3) халықтың мәдени демалысы мен эс­тетикалық тәрбиесін, рухани және мәдени құндылықтармен алмасуды ұйымдастыру; 4) талантты, өзіндік ерекшелігі бар орындаушыларды қолдау; 5) жастардың эстетикалық және ұлт­жан­дылық тұрғыда тәрбиеленуіне, ұлттық және әлемдік мәдениет құндылықтарына тартылуына ықпал ету. 3. Фестивальды өткізудің тәртібі және шарттары 4. Фестиваль үш кезеңнен тұрады. Ұй­ымдастыру комитетінің шешімі бойынша кезеңдердің саны өзгеруі мүмкін. Фести­вальға қатысуға 16-25 жас аралығындағы жеке әншілер шақырылады. Қатысушылар конкурсқа Ш.Қалдаяқовтың әндерінен 2 ән дайындауы тиіс. Шығармалар «тірі» аккомпанемент немесе фонограмма (-1) негізінде орындалады. Фонограммалар МD (мини-диск) және CD (компакт диск) тасымалдағышында ұсынылады. 5. Фестиваль лауреаттары қорытынды Гала-концертте ақысыз өнер көрсетеді. 6. Фестиваль жеңімпаздарына төмен­де­гідей жүлделер тағайындалады: 1) Бас жүлде және лауреат атағы (ақ­шалай сыйлық); 2) бірінші жүлде және лауреат атағы (ақшалай сыйлық); 3) екінші жүлде және лауреат атағы (ақшалай сыйлық); 4) үшінші жүлде және лауреат атағы (ақшалай сыйлық). Жеңімпаздар басқа да номинациялар бойынша марапатталуы мүмкін. 7. Фестивальға қатысу үшін үміткерлер өтініш береді. Өтінішке қоса мынадай құжаттар ұсынылады: 1) тиісті мекеменің ұсынысы; 2) орындаушының шығармашылық өмір­баяны; 3) жеке куәліктің көшірмесі; 4) СТН (салық төлеушінің номері) көшірмесі; 5) 13 х 18 см көлемiндегi 2 дана түрлi-түстi фотосурет; 6) CD және мини-дискіге жазылған әндердің фонограммасы. Тапсырылған құжаттар қайтарылуға жатпайды. 8. Фестивальға қатысушылардың өті­ніш­тері фестивальдың басталуына 20 күн қалғанға дейін мына мекен-жайда қабыл­данады: 010000, Қазақстан, Астана қала­сы, Есіл ауданы, Түркістан көшесі 8 үй, «Олимп Палас» т/к, КЖ-18, 8 кіреберіс, блок «L», E-mail: info@ruhdk.kz, тел: 8(7172) 54-64-77, Web: http://ruhdk.kz.. 9. Фестивальға қатысушылар ұйым­дас­тыру комитетінің сараптауынан соң Фес­ти­вальға қатысу үшін шақырылатын бо­лады. Фестивальға қатысушылардың қа­ты­сушылар тізіміне кіргені туралы ресми хабар қажетті құжаттар толығымен тап­сырылғаннан соң сайысқа 10 күн қалғанға дейін хабарланады. 10. Фестивальға қатысушының барып-қайту жол шығындарын жолдама берген, ал олардың жатын орны мен тамақтануын Фестивальды өткізетін жақ көтереді. Фес­тивальға қатысушыға қоса ере келген адам­дардың барлық шығындары өз та­раптарынан өтеледі. 11. Келесі кезеңге өтпеген Фестивальға қатысушылар немесе Фестивальға қаты­судан бас тартқандар Фестивальдың аяғы­на дейін көрермен ретінде қалуға ниет білдірген жағдайда өз қаражаты есебінен күнелтеді. 12. Шетелдердің қатысушыларына бай­ла­нысты жұмсалатын барлық шығындар (қонақ үй, жолақы және тамақтану шы­ғындары) ұйымдастырушы жақ тарапынан өтелуі мүмкін. 4. Ұйымдастыру комитеті 13. Қазақстан Республикасының Мәде­ниет министрлігінің Мәдениет комитеті Фестивальды өткізу бойынша ұйымдас­ты­ру комитетінің құрамын бекітеді. 14. Ұйымдастыру комитеті мемлекеттік органдар мен Фестивальды өткізуге қа­ты­сушы мәдениет ұйымдары өкілдерінен құ­ралады. Ұйымдастыру комитетінің мүше­лері өз функцияларын қоғамдық бастамамен жүзеге асырады. 15. Ұйымдастыру комитеті Фестиваль­ды дайындау және өткізу бойынша бас­шы­лықты жүзеге асырады. 16. Ұйымдастыру комитеті Фестиваль қатысушыларына қосымша сыйақы тө­леу­сіз Фестивальдың тыңдаулары мен қоры­тынды концерттерін радио және теледидар арқылы тарату, дыбыс және бейне таспаға жазу және оны одан әрі тарату құқығына ие. Сондай-ақ, Ұйымдастыру комитеті басқа тараптармен Фестивальдың аталған ма­териалдарын жүзеге асыру жөніндегі ке­лісім-шартқа отыру құқығына ие. 17. Ұйымдастыру комитеті іс-шараның ақпараттық-жарнамалық қолдау түрлерін айқындайды. 18. Ұйымдастыру комитеті Фестиваль­ды дайындау және өткізу барысында ту­ын­дай­тын өзге де ұйымдастыру мәселе­ле­рін шешеді. 5. Фестивальдың қазылар алқасы 19. Фестиваль қатысушыларының өне­рін бағалау, сондай-ақ, қорытынды шы­ға­ру үшін қазылар алқасы құрылады. Қа­зы­лар алқасының құрамы мемлекеттік ор­ган­дардың өкілдерінен, мәдениет және өнердің көрнекті қайраткерлерінен құра­лады және Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігінің Мәдениет комитетімен бекітіледі. 20. Қазылар алқасының саны, төрағаны қосқанда, тақ сан болуы тиіс. 21. Қазылар алқасының шешімі түпкі­лікті және қайта қарауға жатпайды, хаттамамен ресімделеді және барлық қазылар алқасының мүшелері қол қояды. 22. Қазылар алқасы мүшелерінің дау­ыстары тең бөлінген жағдайда Төрағаның дауысы шешуші болып табылады. 23. Қазылар алқасы белгіленген жүл­де­лі орындарды бермеуге немесе үміткерлер арасында бөлуге (бас жүлдені қоспағанда) құқылы. 24. Қазылар алқасы Қазылар алқасының барлық мүшелері келіскен жағдайда бағ­дарламаны қысқарту және/немесе шығар­маларды орындауды тоқтату туралы шешімді қабылдауға құқылы. 25. Қазылар алқасы бағаларының критерийлері: 1) орындаушылық шеберлігі (орындау­шы­ның, аранжировканың дербестігі); 2) сапалық деңгейі; 3) сахна мәдениеті; 4) бағдарламаның Фестивальдың шарт­та­рына сәйкестігі. 5) сахна киімі. 6. Фестивальды қаржыландыру 26. Фестивальды дайындау мен өткізуді қаржыландыру республикалық бюджетпен көзделген қаражат шегінде жүзеге асыры­лады. 27. Фестивальды дайындау мен өткізу үшін демеушілердің және басқа да қосымша қаражат көздері жұмылдырылуы мүмкін. 28. Демеушілер Фестивальдың қатысу­шы­ларына заңда белгіленген тәртіппен өзі­нің ынталандыру сыйлықтары мен сый­ақыларын тағайындай алады. 7. Қорытынды ереже 29. Осы Шәмші Қалдаяқов атындағы Халықаралық «Менің Қазақстаным!» ән фестивалін дайындау және өткізудің қа­ғидасымен реттелмеген барлық мәселелер Қазақстан Республикасының қолданыс­та­ғы заңнамасына сәйкес шешіледі.