20 Қаңтар, 2017

Қазақстан-Ұлыбритания дипломатиялық қатынасына 25 жыл толды

550 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
ҚР СІМ Қазақстан Республикасы және Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнатылуына 25 жыл толуына арналған Коммюнике жариялады, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі. Кеше, 19 қаңтарда біз Қазақстан Республикасы және Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнатылғанына 25 жыл толды. Ширек ғасыр уақыт ішінде елдеріміздің арасындағы қатынастар теңдессіз жоғары деңгейге жетті: екі ел басшылары арасындағы  қатынастар үнемі нығаюда, өзара сауда қарқыны өсуде, келісім-шарттар базасы кеңеюде, екіжақты қарым-қатынас институттары тиімді жұмыс атқаруда. Біріккен Корольдік біздің экономикамыздың алтыншы ең ірі инвесторы болса, Қазақстан Британияның 14 сыртқы экономикалық серіктесі тізіміне қосылды. Ұлыбритания Премьер-министрі Д.Кэмеронның 2013 жылы Қазақстанға сапары кезінде қол қойылған стратегиялық серіктестік туралы Бірлескен мәлімдеменің қабылдануы қазақстан-британ қатынастарының ерекше мәртебесін айғақтайтын аса елеулі оқиға болды. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2015 жылы Ұлыбританияға ресми сапары стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға аса қуатты серпін берді. Сапар аясында бірқатар коммерциялық келісім-шарт пен жобаға қол қойылды.