23 Қаңтар, 2017

Алау эстафетасы күні Астанада бірнеше көше жабылады

335 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Алау эстафетасы 25 қаңтар күні сағат 11:00-де Назарбаев Университетінен басталып, қала әкімдігінің маңындағы алаңда аяқталады. Алауды белсенді студенттер мен астаналық спортшылар, барлығы 60 адам алып өтпек. Бұл туралы Астана әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Эстафета 2 кезеңге бөлінген. Ол Қабанбай батыр даңғылы – Достық көшесі – Қонаев көшесі – Бараев көшесі – Республика даңғылы – Кенесары көшесі сынды қаланың орталық көшелерімен өтеді. Алау эстафетасының жалпы ұзындығы – 12 шақырым. Осыған орай сағат 10:00-ден 12:30-ға дейін: Қабанбай батыр даңғылында Тұрар Рысқұлов көшесінен бастап, Достық көшесіне дейін; Достық көшесінде Қабанбай батыр даңғылынан бастап, Түркістан көшесіне дейін көліктің барлық түрлеріне қозғалыс ішінара шектелетінін ескертеміз. Сондай-ақ, 2017 жылдың 25 қаңтар күні сағат 12:45-15:00-ге дейін: Д. Қонаев көшесінде Түркістан көшесінен бастап, Қабанбай батыр даңғылына дейін; Қабанбай батыр даңғылында Д. Қонаев көшесінен бастап, «Рамстор» СО-ның автотұрақ аумағына дейін (Республика даңғ.); Республика даңғылында «Рамстор» СО-ның автотұрақ аумағынан бастап, Кенесары көшесіне дейін; Кенесары көшесінде Республика даңғылынан бастап, Астана қаласының ескі алаңына дейінгі аумақта қозғалыстар шектелетін болады. Автожүргізушілер үшін қала билігі кептелістердің алдын алу үшін жолдар кезек-кезек және жүру жолағы бойынша ғана жабылады. Бұл жүргізушілер үшін ыңғайсыздықтарды барынша азайтуға мүмкіндік береді. Бірінші кезең аяқталысымен «Бәйтерек» монументінің алдында тұрғындар мен қала қонақтарына арналған концерттік бағдарлама ұсынылады. Екінші кезеңде алау республикалық штаб өкілдеріне табысталып, 2017 жылғы 28-ші Дүниежүзілік Универсиаданың ашылу салтанатына қатысу үшін Астана-Алматы әуе рейсімен оңтүстік астанаға жеткізіледі.