24 Қаңтар, 2017

Керлингтің кереметін ағылшындар көрсетеді

327 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Ұлыбритания Алматыдағы 2017 жылғы қысқы Универсиа­даға 71 спортшысын жібереді. Британдық атлеттер фристайл, тау шаңғысы, керлинг (ерлер және әйелдер), мәнерлеп сырғанау, шайбалы хоккей (ерлер және әйелдер), шорт-трек, могул, шаңғы жарыстары, слоуп­с­тайл және сноуборд секілді спорт­тың он түрі­нен қатысады. Ал­дыңғы Уни­вер­сиадада керлингтен тамаша өнер көр­сет­к­ен ерлер және әйелдер құрамасы бұл жолы да нәтижелі ойын көрсетеді деп үміттенеді делегация өкілдері. Ұлыбритания делегациясы бас­шысының орынбасары Викки Кэмпбелдің сөзіне қара­ған­да, британдық спортшылар қызу жаттығу жүргізуде. Мәсе­лен, шайбалы хоккейден ерлер командасы бір жыл бұ­рын ғана алғаш рет сынақтан өт­кені­мен, 2017 жылғы Универ­сиадаға дайындық барысында тыңғылықты жаттығу жасады. «Спортшыларымыз кер­линг­­­тен медальға ие болады деп үміттенеміз. Өйткені, соңғы Уни­вер­сиадаларда осы спорт түрі­нен жақсы нәтижелер көр­сетіп жүрміз. Атап айтқанда, әйел­­­дер құрамасы 2011 жылы Эрзу­рум­де алтын, ал ерлер 2013 жылы Трентинода күміс және 2015 жылы Гранадада қола ме­даль­­ді иеленген болатын. Қа­лай бол­ған да, әрбір елдің өзінің мықты жағы болады, сондықтан, керлингтен әділ әрі қызу бәсекені күтеміз», – деп мәлімдеді Викки Кэмпбел. Сөз орайында айтып кетелік, Ұлыбритания делегациясының мүшелері 2016 жылдың қыр­күйе­­гінде Қазақстанға ар­найы са­пар­­мен келген еді. «Бізге Ал­ма­­ты қаласы аса ұнады, ел халқы ашық әрі ажарлы екен. Біз жаңа достарды табу­ға жағ­­дай жа­сай­тын жақсы ұйым­дас­ты­­рыл­ған қызық­ты ойындар күтеміз, – деді Кэмп­бэл ханым. – Ұлы­британия Уни­вер­сиаданың барлық қатысу­шы­ларына ұмы­тыл­мас естелік пен сәтті әрі нәти­желі ойындар тілейді». Мира БАЙБЕК, «Егемен Қазақстан»