24 Қаңтар, 2017

Қоғамдық қабылдау қарымы жоғары

420 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін
ЕГЕМЕН RUS_8485«Нұр Отан» партиясы Төрағасының бі­рін­ші орынбасары Мұх­тар Құл-Мұхам­мед партияның Респуб­ликалық қоғам­дық қабылдау бөлме­сінде азаматтарды қа­былдады. Онда Мұх­тар Құл-Мұхам­мед Астана тұрғын­дары­ның өтініштеріне ерекше назар аударды. Партия Төрағасының бі­рін­ші орынбасары астана­лық­тарды негізінен қаланы абат­тандыру мен оның инфра­құ­рылымын дамыту мәсе­лелері алаңдататынын атап өтті. «Мен халқымыздың Ас­та­наға деген ерекше ықыла­сын толық қолдаймын. Себе­бі, Елбасымыздың абырой, бе­делінің арқасында елорда­мыз әлемдік аренада жа­һан­дық ауқымдағы форум­дар мен жо­ғары деңгей­дегі кездесулерді өткізу орта­лы­ғына ғана емес, соны­мен қатар, геосаяси дау-жан­жал­дарды реттейтін жаңа алаңға айналып үлгерді. Бүгін Ас­та­на қаласында басталған Сирия мәселесі бойынша келіс­сөздер соның айқын бір дәлелі. Оның үстіне, алдағы жаз­да бас қаламызда ірі ЭКСПО-2017 халықаралық көрме­сі жұмысын бастайды. Бұл – бүкіл әлемнің назары елор­да­мызға ауады деген сөз. Бүгін­де дүние жүзі Аста­наны Қазақ­станның бренді санайды. Сон­дықтан оның әр көшесі, әр ау­ласы, әр ғима­раты және бар­лық инфрақұ­ры­лымы елорда де­ген атқа лайық, жоғары дең­гейде болуы тиіс», – деді Мұх­тар Құл-Мұ­хаммед. Партия Төрағасының бі­рінші орынбасары өткізген қо­ғамдық қабылдауда алғашқы болып Тұтынушылар мен кәсіп­кер­лерді қорғау одағының бас­қарма төрағасы Виктор Сыз­дыков өз өтінішін жеткізді.  Ол «Бір үй – бір бірлестік – бір есеп» ұстанымын енгізу арқылы көп пәтерлі тұрғын үйлерді бас­­қаруға арналған жаңа жобаны жүзеге асыру үшін қолдау сұрап келген екен. Мұхтар Құл-Мұхаммед Виктор Сыз­ды­ковтың бұл бастамасына қол­дау білдірді. Соған орай ол пар­тияның Астана қалалық филиа­лының басшылығына жа­ңа жобаны жан-жақты зерттеп, оң баға берілген жағдайда оны жүзеге асыруға көмек көр­сету жөнінде тапсырма берді. Партияға ПИК-тің үстінен арыз-шағымдардың ұдайы түсіп тұратыны жасырын емес. Өйткені, бұл – бүгінде елор­да­­лықтардың өзекті мәселе­лері­нің бірі. Мәселен, пар­тия Төрағасы бірінші орын­ба­сары­ның қабылдауына келген­дер­дің бірі, астаналық Васи­лий Пасечко өзі тұратын үйде жылу мен ыстық су мәсе­лесі жиі кез­десетінін жеткіз­ді. Оның сөзіне қараған­да, бұл – ПИК-тің жау­апсыз­ды­­ғының салдары. Сон­дық­тан В.Сыздыков «Нұр Отан» пар­тиясының аталған мәселенің оң шешілуіне ықпал жасауын сұрады. Ал тағы бір қала тұрғыны Зәуреш Жұмаділова анасы тұ­ратын үйге мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған пандус пен баспалдақ таянышын орнату үшін көмек сұрап келген екен. Себебі, мүгедек арбасына таңылған анасына далаға кіріп-шығудың өзі оңай шаруа емес. Бүгінгі қабылдауда белгілі болған тұрмыстық-әлеуметтік мәселелердің қатарында қо­ғам­­дық жерлердегі тыныш­тық­тың бұзылуы да бар. Мә­селен, Астана тұрғыны Оксана Соттир Республикалық қоғам­дық қабылдау бөлмесіне сыра дүкенінің үстінен шағым­данып келді. Оның айтуынша, аталған дүкен өзі тұратын үйдің бірінші қабатында орна­ласқан. Түнгі уақытта сауда нүк­­тесінің аумағында ты­ныш­­­тық режімі жиі бұзылады. Тұр­­ғындардың құқық қорғау ор­ган­­дарына жасаған шағым­да­ры еш нәтиже бермеген­дік­тен, О.Соттир «Нұр Отан­нан» көмек сұрауға мәжбүр болған. Қабылдауда болған «Же­беу» республикалық қоғам­дық бірлестігінің төраға­сы Әділбек Омарәлі еліміз­ге ке­ле­тін шетелдік турис­терді уа­қытша тіркеу мәсе­ле­сін жеңіл­дету жөнінде өз ұсы­нысын айт­ты. «ЭКСПО-2017 ха­лық­аралық көрмесіне байланыс­ты қазірдің өзінде Ас­та­наға ағыл­ған туристердің саны артуда. Олардың елі­мізде өздерін мей­лінше жайлы сезінулері үшін Қазақстан заңнамаларына сәй­кес турис­терді тіркеу талаптары жеңіл­десе дұрыс болар еді», – деді Ә.Омарәлі. Ал Тұтынушылардың құ­қы­ғын қорғау жөніндегі қауым­дас­тықтың вице-прези­денті Хан­зада Балтаева аула­ларды абат­тандыру мен қа­ланы көгал­дан­дыру мәселесі бойынша өз пікірін білдірді. Ол бұған қатыс­ты жұмысты жан­­дандыру керек деп санай­ды. Барлық өтініш иесін мұ­қият тыңдаған Мұхтар Абрар­ұлы пар­тияның Астана қала­лық фи­лиалының басшы­лығына Рес­пуб­ликалық қоғам­дық қабыл­дау бөлмесінде кө­те­рілген әр мәсе­лені нақ­ты саралап, тиісті ша­ралар­ды қабылдауды тапсырды. Сондай-ақ, партия басшы­сы­ның бірінші орынбасары олар­дың әрқайсысы өзінің жеке ба­қы­лауында болатынын да айтты. Бүгінде еліміз бойынша «Нұр Отан» партиясының 231 қо­ғам­дық қабылдау бөлмесі жұ­мыс істейді. Өткен, яғни 2016 жылы аталған қабылдау бөлме­леріне 226 284 адам өз өтініш­тері бойынша келген. Олар­дың 90 919-ы – «Элек­тронды қоғамдық қа­былдау» жүйесі, 10 949-ы – «жедел желі» және 5 313-і «Whatspp» мессенджері арқылы өтініш білдірген. Партияның қоғамдық қабыл­дауына келген қазақ­стан­­дықтар мәселесінің 23 па­йызы дер кезінде оң ше­шімін тапты. Ал 70 пайызына заң аясында кеңестер бері­ліп, түсіндірме жұмыс­тары жүргізілді. Соған орай аза­маттарға өздерін толған­дыр­ған мәселелерді мемлекеттік органдар арқылы шешуге мүмкіндік туды. Өтініштердің қалған 7 пайызы бойынша бүгінде жұмыстар жүргізілуде. Нұрлыбек ДОСЫБАЙ, «Егемен Қазақстан»