24 Қаңтар, 2017

Австралия әуежайларында төлқұжат тексерілмейтін болды

262 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Австралия билігі әуежайлардағы төлқұжаттық бақылаудан бас тартқан әлемдегі алғашқы ел атанбақ. Олар жолаушылардың биометриялық мәліметтерін тіркейтін сенсорлы жүйе орнатуды көздеп отыр, деп жазды Қазақпарат moya-planeta.ru сайтына сілтеме жасап. Бұған дейін Австралияның кей әуежайлары төлқұжатты автоматты түрде тексеретін SmartGates жүйесін енгізген. Жаңа механизм одан әрі жетілдірілмек. Ол 2020 жылға қарай орнатылып, жолаушылардың 90 пайызын жанасусыз тексере алады. Бұл әлемнің барлық жолаушыларына австралиялық әуежайларда өзін ыңғайлы сезінуіне мүмкіндік береді. Тексеру үшін оларды тоқтатудың қажеті болмайды. Жолаушы дәлізден өтіп бара жатқанда, жүйе олардың мәліметтерін оқып үлгереді. Әзірге жобаны жүзеге асыру бойынша дайын шешімдер жоқ. Билік жүйені әзірлеуге тендерді енді ғана жариялады. Жобаның алғашқы сынамалық нұсқасы шілде айында Канберрада (жүйе Сингапур мен Веллингтоннан келген жолаушыларды тексереді) іске қосылады деп күтілуде. Ал қараша айында Сидней мен  Мельбрун қалалары қосылады, деп хабарлады The Sidney Morning Herald.