Елімізде Сирия мәселесіне арналған Астана процесі болып өтті. Әлем назарын өзіне аударған бұл келіссөздер тұрғысында мамандардың пікірлері өзіндік мәнге ие. Осы орайда, біз конфликтолог, саясаттану мамандығы бойынша философия докторы (PhD) Мұхтар СЕҢГІРБАЙДЫ әңгімеге тартқан едік.
– Астана процесі халықаралық ұйымдар мен әлемдік саясат сахнасында қаншалықты маңызға ие немесе бейбітшілікті барынша насихаттайтын Қазақстанның мұндай қадамын әлем қалай қабылдап, қалай бағалайды деп ойлайсыз?
– Біріншіден, Қазақстан Сирия мәселесінде мүдделі тарапқа жатпайтындықтан, Астананың келіссөздерге қатысушы топтардың басын қосатын ыңғайлы орын болғаны анық. Осы кикілжіңді басуға атсалысып жүрген елдердің көбі өз ішкі мүдделері үшін Сириядағы бір тарапты ғана қолдап, бейтараптығын жоғалтып алған.
Екіншіден, Қазақстанның бұл кикілжіңге араласып жатқан тараптардың барлығымен достық қарым-қатынаста екенін ескеру керек. Ресей және Түркиямен арадағы жақындығын былай қойғанда, Қазақстан іргелес Иранмен де экономикалық ынтымақтастықты арттырып келе жатқаны белгілі. Сондықтан, геосаяси баланс тұрғысынан Астананың ең ыңғайлы орын екені рас.
Оның үстіне, Сирия жанжалы 2011 жылдан бері ішкі де, аймақтық та емес, халықаралық жанжалға айналған. Оны әлем державаларының мүдделері қайшыласқан ел деп атауға да болады. Осындай жағдайда кикілжіңнің шешілуі сол державалардың арасындағы ымыраға байланысты болмақ.
– Астанада аяқталған Сирия мәселесіне қатысты келіссөздердің нәтижесін қалай бағалайсыз?
– Мұндай созылып кеткен жанжалдардың ең басты жетістігі – тараптарды бір үстел басына отырғызу. Мәселен, Қарабақ жанжалына байланысты тараптарды бір жерге жинау мен келіссөздің пішімін анықтаудың өзіне өте көп уақыт кеткен. Сонымен салыстырғанда, тараптардың көпшілігі қатысуға келісім берсе, демек, олардың арасында кикілжіңді тоқтатуға деген ұмтылыс бар. Сондықтан, Түркия мен Ресей арасындағы жылымықты пайдаланып, тараптардың соғыстан шаршағанын ескеріп, келіссөздің дәл осы уақытта өткізілуін – өте сәтті қадам, деп бағалаған жөн.
Бірақ, бұл келіссөз соғысты тоқтатады деу аңғалдық болар еді. Мұны бейбітшілікке жасалған алғашқы қадам десек дұрыс. Алдыңғы келіссөзбен салыстырғанда, бұл жолы шетте жүрген оппозиция өкілдері емес, ұрысушы топтардың басшылары қатысты. Демек, ілгерілеу бар.
Дегенмен, Сириядағы жағдайды тұрақсыздандырып тұрған ең басты күштер – ИЛИМ-мен (ДАИШ), «Әл-Кайдамен» қатысы бар топтардың, күрдтердің «Сирия демократиялық кеңесі» ұйымының, аса ықпалды «Ахрар әл-Шам» тобының бұл келіссөзден тыс қалғанын да ескеруіміз керек. Яғни, біраз жылдан бері өз білгенімен емін-еркін өмір сүріп, заңсыздыққа үйреніп қалған топтар бұл статус-квоны өзгертуге онша асыға қоймайды.
Оның үстіне, елдегі әлеуметтік ахуал мен саяси жүйе мәселесі бір-екі жылда реттеле қоймайтыны анық. Бұл да тұрақсыздандырушы фактор болып қалмақ және заңсыз жасақтардың көбеюіне жол аша бермек. Мәселенің көбі көпжақты келіссөздер біткеннен кейін басталатынын кезінде Ауғанстан мен Ирак мысалы дәлелдеді емес пе?
– Ұсынған келіссөз алаңымыз еліміз үшін қаншалықты тиімді?
– Нәтижесі болса да, болмаса да, Астананың, Қазақстанның аты әлемнің бұқаралық ақпарат құралдарында жақсы жағынан аталып, елдің танымалдығын, бейбітшілікке ұмтылған саясатын насихаттап жатыр. Көп бұқаралық ақпарат құралдарының басты жаңалығы – Астанадағы бейбіт келіссөздер болды. Бұған Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің мүшесі міндетін атқарып жатқанын қоссақ, енді елімізді халықаралық қоғамдастық өркениетті, бітімгер мемлекет ретінде тани түседі. Бұл тек имидж үшін ғана емес, жалпы халықаралық аренадағы ықпалымызды арттырып, инвестиция тартуға, туристерді көбейтуге оң әсер етеді.
Әңгімелескен
Нұрлыбек ДОСЫБАЙ,
«Егемен Қазақстан»

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 18:24
Орал маңында мектеп автобусы жол апатына түсіп, балалар зардап шекті
Оқиға • Бүгін, 18:15
Астанада көктемгі жалпы тазалық жұмыстары басталды
Елорда • Бүгін, 17:47
Салмақты тәсіл: Тарифтік саясат қалай дамиды?
Экономика • Бүгін, 17:30
Батыс Қазақстан облысында мектеп автобусы апатқа ұшырады: Балалар зардап шекті
Аймақтар • Бүгін, 17:12
«Ұлы дала аруы» инсталляциясы әлемдік рекорд орнатты
Елорда • Бүгін, 17:02
Елімізде мәдени мұраны қорғау жөніндегі мамандарды даярлау күшейтіледі
Қоғам • Бүгін, 16:52
Әділет министрлігі: Жаңа Конституция тұрғын үй иелері құқықтарының басымдығын сақтайды
Ата заң • Бүгін, 16:42
Қазақстан жаңа форматтағы ҰБТ-ға қашан көшеді?
Білім • Бүгін, 16:33
Астанада жылу маусымы осы аптада аяқталуы мүмкін
Елорда • Бүгін, 16:22
Үкімет мәдени мұраны сақтауға арналған екі жылдық кешенді жоспарды бекітті
Үкімет • Бүгін, 16:14
5 миллионнан астам адам несие алудан өз еркімен бас тартты
Қоғам • Бүгін, 16:07
Қазақстанда студенттердің шәкіртақысы өсе ме?
Білім • Бүгін, 16:00
Талдықорғанда ер адам танысын пышақтап өлтірді
Оқиға • Бүгін, 15:47