25 Қаңтар, 2017

Сақтандыру компаниялары былтыр қазақстандықтарға 97 млрд теңге төледі

304 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстандағы сақтандыру төлемдері 2016 жылы 17% ұлғайып, 97 млрд теңгеден асты, деп жазады LS.

"Коммеск-Өмір" сақтандыру компаниясының мәліметінше, міндетті сақтандыру бойынша сыйақы құны 29 млрд теңгеге, ерікті жеке төлем 31,8 млрд теңгеге, ал ерікті мүліктік төлем 36,2 млрд теңгеге тең.

Автокөлік иелерінің азаматтық құқықтық жауапкершілік бойынша міндетті сақтандыру бойынша 2016 жылы 22,7 млрд теңге төленген. Ал көлікті ерікті сақтандыру бойынша 6,8 млрд теңге төленді. Ал сырқаттану жағдайын сақтандыру бойынша компаниялар 17,6 млрд теңге төледі.

Ал сақтандыру аударымы тұрғысынан 2016 жылы компаниялар 357 млрд теңге жинап алған. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 24% артық.