25 Қаңтар, 2017

Доллардың әлсіреуі мен өндірістің азаюы мұнайды қымбаттатып жатыр

287 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Бүгін Астана уақытымен таңғы сағат 09:00-де Брент маркалы мұнай барреліне 55,30 долларға саудаланды. Сарапшылардың пікірінше, осы аптада мұнай бағасының 55 доллардан асуына түрткі болған доллардың өзіндік құнының әлсіреуі мен ОПЕК елдерінің мұнай өндірісін бәсеңдетуі. Доллардың әлсіреуіне Дональд Трамптың ұлттық экономикаға басымдылық беру саясаты түрткі болды, деп жазады америкалық БАҚ. Reuters агенттігінің мәліметінше, ОПЕК елдері мен ұйымға кірмейтін экспорттаушы мемлекеттердің өткен жылдың желтоқсанында қабылданған мұнай өндірісін азайту туралы келісімінің біртіндеп жүзеге аса бастауы мұнай бағасын қымбаттатуға сеп болып отыр. Аталған мемлекеттер тәулігіне 1,8 млн баррель мұнай азайтамыз деп келіскен болса, қазіргі таңда соның 1,5 млн баррелі орындалып қойған.
Соңғы жаңалықтар