Қостанай облыстық ішкі істер департаментінің 2016 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша өткен кеңейтілген мәжілісте өткен жылы облыста қылмыстың тіркелуі алдыңғы жылға қарағанда 11,3 пайызға азайғанымен, ұрлықтың өршіп тұрғаны айтылды.
Кеңейтілген мәжіліс жұмысына қатысқан еліміздің Ішкі істер министрінің орынбасары Ерлан Тұрғымбаев жалпы қылмыс құрылымында Қостанай облысында ғана ұрлық былтыр 63 пайызға көбейгенін айтты. Ол жалпы ұрлықты азайту, онымен күресті күшейту үшін елімізде жасалып жатқан жұмыстардан хабардар етті. Қымбаттауына байланысты ұялы телефондар ұрлығы көбейіп барады. Оның айтуынша, Ішкі істер министрлігі мен еліміздегі ұялы байланыс операторлары арасында ұрланған абоненттік құрылғыларды шектеу, өшіріп қою туралы бірлесіп жұмыс істеу жөнінде меморандумға қол қойылды.
Елбасы еліміздегі Байланыс туралы заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы заңға қол қойды. Онда көрсетілгендей, енді телефондардың абоненттік номерлері IMEI-код және оның иесінің ИИН-і бойынша тексерілетін болады. Егер номерлер сәйкес келмесе, телефон өшіріледі. Оны ешкім де пайдалана алмайды. Тұрғымбаевтың айтуынша, бұл жұртты бөріктіріп, террорлық жарылыстар туралы телефонмен өтірік ақпарат беретіндерден құтылуға да септігін тигізбек.
Сонымен қатар қазір ломбардтар да ұрылардың әкеп өткізген заттарын қарамай сататындығы айтылды. Қалтаға түсетіндерге де зардап шегушімен татуластыру арқылы ісін сотқа жеткізбей жұмсақтық танытылады. Министрдің орынбасары алдағы уақытта ұрлықты қайталағандар үшін заңды қатайту жағы қарастырылатынын да еске салды.
Нәзира Жәрімбетова, «Егемен Қазақстан»

Қазақстан жаңа форматтағы ҰБТ-ға қашан көшеді?
Білім • Бүгін, 16:33
Астанада жылу маусымы осы аптада аяқталуы мүмкін
Елорда • Бүгін, 16:22
Үкімет мәдени мұраны сақтауға арналған екі жылдық кешенді жоспарды бекітті
Үкімет • Бүгін, 16:14
5 миллионнан астам адам несие алудан өз еркімен бас тартты
Қоғам • Бүгін, 16:07
Қазақстанда студенттердің шәкіртақысы өсе ме?
Білім • Бүгін, 16:00
Талдықорғанда ер адам танысын пышақтап өлтірді
Оқиға • Бүгін, 15:47
Олжас Бектенов геологиялық барлау жұмыстарына отандық технологияларды қолдануды тапсырды
Үкімет • Бүгін, 15:42
Олжас Бектенов: Ғылымға ұзақ мерзімді инвестиция салуды ынталандыру қажет
Үкімет • Бүгін, 15:40
Автоөнеркәсіп: құрастырудан толық өндіріске дейінгі жол
Өндіріс • Бүгін, 15:38
Атырауда масаларға қарсы күреске дрондар тартылады: Бюджеттен 200 млн теңге бөлінді
Экология • Бүгін, 15:22
Саясат Нұрбек: «Болашақ» түлектерінің үштен бірі АҚШ-қа виза ала алмай жүр
Білім • Бүгін, 15:02
Ұрлық, бопсалау, алаяқтық: Қарағанды облысында қылмыстық топ ұсталды
Қылмыс • Бүгін, 15:00
Денсаулық сақтау саласындағы серпін: Елімізде нәресте өлімі айтарлықтай төмендеді
Медицина • Бүгін, 14:48