Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты чемпионатында Астананың «Барысы» Хельсинкиде «Йокерит» командасымен кездесіп, 4:3 есебімен жеңіске жетті.
Матч айдын иелерінің белсенділігімен басталды. Төрешінің ысқырығы естілісімен алға ұмтылған финдер 3-минутта есеп ашып үлгерді. Нәтижелі соққының авторы – Брайн О'Нилл. Қарқындарынан таймаған олар 13-минутта Петер Региннің көмегімен таблодағы көрсеткішті еселей түсті. Дегенмен, араға екі минут салып, қонақтар сапынан Дастин Бойд есептегі айырмашылықты қысқартты.
Ойынның екінші кезеңінде жанкүйерлер бір голдың ғана куәсі болды. 34-минутта Мика Ниемидің соққысы көздеген жерінен дәл табылып, өз командасының үшінші шайбасын салды.
Кездесудің соңғы 20 минуты елордалықтар үшін аса сәтті өтті. 42-минутта Найджел Доус мергендігімен танылса, 56-минутта Иван Кучин таразы басын теңестірді. Осыдан кейін қос команда қанша шабуылдаса да есеп өзгеріссіз қалды. Ал овер-тайм кезінде «Барыстың» бағы жанып, жеңісті шайбаны соқты. Бұл жолы Брэндон Боченскидің мерейі үстем болды.
Осылайша, астаналықтар ҚХЛ чемпионатында «Йокерит» командасын Хельсинкиде бірінші рет ұтып тұр. 52 ойыннан 78 ұпай жинаған Эдуард Занковец шәкірттері «Шығыс» конференциясында 6-орында тұр. Келесі кездесуін олар Латвияның «Динамо» ұжымымен өткізеді.

Қазақстан жаңа форматтағы ҰБТ-ға қашан көшеді?
Білім • Бүгін, 16:33
Астанада жылу маусымы осы аптада аяқталуы мүмкін
Елорда • Бүгін, 16:22
Үкімет мәдени мұраны сақтауға арналған екі жылдық кешенді жоспарды бекітті
Үкімет • Бүгін, 16:14
5 миллионнан астам адам несие алудан өз еркімен бас тартты
Қоғам • Бүгін, 16:07
Қазақстанда студенттердің шәкіртақысы өсе ме?
Білім • Бүгін, 16:00
Талдықорғанда ер адам танысын пышақтап өлтірді
Оқиға • Бүгін, 15:47
Олжас Бектенов геологиялық барлау жұмыстарына отандық технологияларды қолдануды тапсырды
Үкімет • Бүгін, 15:42
Олжас Бектенов: Ғылымға ұзақ мерзімді инвестиция салуды ынталандыру қажет
Үкімет • Бүгін, 15:40
Автоөнеркәсіп: құрастырудан толық өндіріске дейінгі жол
Өндіріс • Бүгін, 15:38
Атырауда масаларға қарсы күреске дрондар тартылады: Бюджеттен 200 млн теңге бөлінді
Экология • Бүгін, 15:22
Саясат Нұрбек: «Болашақ» түлектерінің үштен бірі АҚШ-қа виза ала алмай жүр
Білім • Бүгін, 15:02
Ұрлық, бопсалау, алаяқтық: Қарағанды облысында қылмыстық топ ұсталды
Қылмыс • Бүгін, 15:00
Денсаулық сақтау саласындағы серпін: Елімізде нәресте өлімі айтарлықтай төмендеді
Медицина • Бүгін, 14:48