Boxingnews24.com тілшісі Аллан Фокс Головкинге қарсы кездесуде Джейкобс қандай тактика қолдану керектігін айтты. Бұл туралы sports.kz хабарлады.
«Головкин жылдам қозғалатын боксшылармен көп жұдырықтасқан. Алайда, олардан мерейі үстем болғанын жақсы білеміз. Дэнни британиялық Мартин Мюррейдің тактикасын қолданбағаны жөн. Өздеріңіз көргендей, GGG британиялықтың жабық әдісін қолданып, жақын қашықтықта жұдырықтасуына жол бермей, артқа жиі шегініп жүрді. Мұндай жол оған еш нәтиже бермейді», – деп қазақстандық боксшының ерекше тұстарын атап өтті.
«Джейкобс жылдам әрі ауыр соққылар жасауға қабілетті. Міне, осыған сенім артқаны жөн. Сондай-ақ, Андре Уордтың Сергей Ковалевке қарсы қолданған тактикасына көшсе де ұзаққа барады деп ойламаймын. Дэниэл мұндай жолмен ешқашан бокстаспаған. Бұл жолы да қажет емес. Ал Уордтың ерекшелігі бұған дейін осыны жиі қолданғандықтан ресейліктен басым түсті. Ал Головкин бойы аздап қысқа болғандықтан, жақын қашықтықта жақсы жұдырықтасады. Ал бойшаң спортшыларға алыстан соққы жасаған дұрыс», – деді тілші.
«Головкиннің осыған дейінгі жекпе-жектеріне қарап, жақын тұста қаншалықты мықты екенін байқадық. Джейкобс Питтер Куиллинге қарсы қолданғандай дистанция сақтап, ауыр соққыларын жылдам сермегені дұрыс деп ойлаймын. Клинч әдісін де арасында қолданып көруі керек», – деді Аллан Фокс.

Автоөнеркәсіп: құрастырудан толық өндіріске дейінгі жол
Өндіріс • Бүгін, 15:38
Атырауда масаларға қарсы күреске дрондар тартылады: Бюджеттен 200 млн теңге бөлінді
Экология • Бүгін, 15:22
Саясат Нұрбек: «Болашақ» түлектерінің үштен бірі АҚШ-қа виза ала алмай жүр
Білім • Бүгін, 15:02
Ұрлық, бопсалау, алаяқтық: Қарағанды облысында қылмыстық топ ұсталды
Қылмыс • Бүгін, 15:00
Денсаулық сақтау саласындағы серпін: Елімізде нәресте өлімі айтарлықтай төмендеді
Медицина • Бүгін, 14:48
Turkiye Open-2026: Таеквондодан Қазақстан әйелдер құрамасы бес медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 14:39
Францияда дизель бағасы соңғы 40 жылдағы ең жоғары көрсеткішке жетті
Әлем • Бүгін, 14:20
Жетісу облысында тағы да жер сілкінді
Оқиға • Бүгін, 14:02
Астанада жұмыс табу жеңілдейді: Мансап орталығы үш жерде ашылды
Елорда • Бүгін, 13:51
Елімізде қанша ғылыми зертхана жұмыс істеп тұр?
Ғылым • Бүгін, 13:42
Пойыздардың қозғалысын реттеу үшін Starlink спутниктік жүйесі қолданылады
Технология • Бүгін, 13:10