25 Қаңтар, 2017

Қарағанды әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

276 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары қызметіне Асылбек Молдабаев тағайындалды. Ол жерді пайладану, құрылыс және сәулет мәселелеріне жауап беретін болады, деп хабарлады «ҚазАқпарат». Асылбек Серікұлы Молдабаев 1970 жылы 9 мамырда Қарағанды облысы Осакаров ауданында дүниеге келген. Әскери борышын өтеген соң, туған ауылындағы «Жансары» шаруашылығында бригадир болып еңбек еткен. «Молда» шаруа қожалығының басшысы, Молодежный кентінің «Тазалық» КМК директоры болып қызмет атқарды. 2008ж. Қарағанды мемлекеттік Бөкетов атындағы университетін, 2011 жылы Қазтұтыну одағының Қарағанды экономикалық университетін тәмамдады. 2016 жылы С.Сейфуллин атындағы Қазақ аграрлық университетінің дипломын алды. 2009 -2012 жж. Осакаров ауданы Молодежный кентінің әкімі болды. 2012 - 2013 жж Қарағанды облысы Осакаров ауданы әкімі аппаратының басшысы, 2013 ж. қазіргі уақытқа дейін Осакаров ауданы әкімінің орынбасары лауазымын атқарды.