26 Қаңтар, 2017

Алқа отырысы өтті

363 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Президент-хатшысының кө­мекшісі В.Жұмахановтың қатысуымен ІІМ алқасының ке­ңей­тілген отырысы өтті. Онда ішкі іс­тер органдары жедел-қызметтік жұ­мысының 2016 жылғы жұмыс қо­рытындысы және алдағы уақыттағы міндеттері талқыланды. Жиында Ішкі істер министрінің орынбасарлары баяндама жасап, қылмыстық-атқару жүйесі және төтенше жағдайлар комитетінің, сонымен бірге ішкі істер органдарының бірқатар аумақтық бөлімшелерінің басшылары есеп берді. Онда Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың қылмыстық әрекеттерден азаматтардың құқығын қорғау және құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысты алға қойған міндеттерін іске асыру, ішкі істер органдары жедел-қызметтік жұмысында орын алып отырған олқылықтарды жою, жемқорлыққа қарсы күресті күшейту, тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз ету, ішкі істер органдары жеке құрамының қызмет әдебі нормаларын сақтау мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, жол қауіпсіздігі және құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз етуге бай­ла­ныс­ты жергілікті полиция қызметінің жұ­мысы талқыланып, жедел іздестіру қызметі, қылмыстарды ашу және заңсыз есірткі айналымының жол кесу, тергеу мен анықтау қызметінің сапасын көтеру мәселелері де жан-жақты қаралды. Қылмыстық-атқару жүйесі мен төтенше жағдайлар бөлімшелері қызметінің қорытындысы қаралып, пробация қызметін одан әрі дамыту шаралары, сондай-ақ құтқару қызметінің алдына қойылған міндеттер сөз болды. Ішкі істер министрі Қ.Қасымов биыл ІІМ жүйесінің қызметі азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жалпы дең­гейін көтеру, соның ішінде Алматы қаласында бүкіләлемдік қысқы Универсиада ойындарын және Астана қаласында ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін өткізу ке­зінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталғанын атап өтіп, барлық қаралған мәселелерге қатысты нақты тапсырмалар берді, деп хабарлады .