26 Қаңтар, 2017

Ел бірлігі – асыл қазынамыз

328 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Этномәдени бірлестік төрағалары мен мүшелерінің, ардагерлер, жастар, үкіметтік емес ұйымдар, ғылыми-сараптамалық топтар өкілдерінің қатысуымен облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының кеңесі өтіп, алда атқарылатын идеологиялық-ақпараттық шаралардың тізбесі белгіленді. Жиында сөйлеген кіріспе сөзінде облыстық Ассамблея төрағасы, аймақ басшысы Ерік Сұлтанов ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аталып өткен жыл өзіндік ерекшеліктерге толы болғанын, қай шара болсын жұртшылықтың белсене атсалысуымен жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын, биыл жаңа қазақстандық патриотизм идеясын насихаттауға басымдық берілетінін атап көрсетті. Кеңес отырысында Ассам­б­лея хатшылығының мең­ге­ру­ші­сі Наиль Салимовтың есебі тың­­далды. Өңірде 25 облыстық, 154 аудандық этномәдени бір­лес­тік, 38 аналар ұйымы, 80 қо­ғамдық келісім кеңесі жұ­мыс істейді. Жастардың бас­та­­ма­шылдығына үлкен қолдау көр­­сетіледі. М.Қозыбаев атын­­дағы СҚМУ-де, Ұлттық ұлан Петропавл әскери инс­ти­­­­­тутында Қазақстан халқы Ас­сам­­блеясы кафедрала­ры құрылып, ұлтаралық та­ту­­­­лықты нығайтуды басты мақ­­­сат еткен. Бүгінде аудан­дар мен ауылдық округтер­де «Қоғамдық келісім» комму­нал­­дық мемлекеттік мекеменің жә­­не «Достық» үйінің бөлім­ше­лері мен орталықтарын құру ой­ластырылған. «Кентрон» армян этно­мә­д­ени бірлестігінің төрағасы Геворг Геворкян елдің ішкі тұ­рақ­тылығын қамтамасыз ету, ұлттық құн­ды­лықтарды жұрт­шы­лыққа т­а­ныту жолын­да атқарылып жат­қан жұ­мыс­тар­ды орта­ға са­лу­мен бір­ге, ұйым тө­­ра­ға­ла­ры­ның мәртебесін ке­ңей­­ту жайы­на тоқталса, аналар ке­ңе­сі­нің төрайымы Күлімкөз Смайы­лова еліміздің лайықты құр­мет пен беделге ие болып отыр­ға­нына бірқатар мысал кел­тір­ді. Этномәдени бірлестіктер санының көбеюіне байланыс­ты «Достық» үйі тарлық ету­де, оны кеңейтудің қан­дай мүм­кін­діктері бар деген сұ­рақ­қа Ерік Сұлтанов мә­се­ленің ал­дағ­ы уақытта оң шешілетінін жет­­кізді. Сондай-ақ, ол жи­на­л­ғандарды облыстың әлеуметтік-экономикалық да­­му көрсеткіштерімен таныс­ты­рып, атқарылатын іс-жос­пар­лармен бөлісті. Өңір басшысы сөзінің со­ңында ел халқы бірлігін ны­ғай­тудың конституциялық мәр­тебесі бар айрықша институт саналатын Қазақстан халқы Ассамблеясы шеңберінде көп этносты мемлекетіміздің бас­ты байлығы – құрыштай бір­лік пен ынтымақтастықтың одан әрі тереңдей түсуіне сол­түс­тік­қазақстандықтардың да өз үлес­терін қосатынына сенім біл­дірді. Өмір ЕСҚАЛИ, «Егемен Қазақстан» Солтүстік Қазақстан облысы