26 Қаңтар, 2017

Трамп БҰҰ-ға бөлінетін қаржыны қысқартпақшы

317 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
АҚШ президентінің әкімшілігі Біріккен ұлттар ұйымы мен басқа да халықаралық ұйымдарға бөлінетін қаржыландыруды 40%-ға қысқарту туралы жарлық дайындап жатыр, деп жазады abctv.kz. Бұдан бұрын президент әкімшілігінің баспасөз хатшысы Дональд Трамптың АҚШ-тың БҰҰ мен НАТО-ға қаржы құюын құптамайтынын жеткізген. Бұл шешім қабылданса БҰҰ-ның жұмысы өзгереді. Себебі бейбітшілік миссиясының 25%-ын АҚШ қаржыландырады. Бұған дейін Трамп БҰҰ-ның зор әлеуетке ие екенін, бірақ «уақытты жақсы өткізуге болатын жерге» айналғанын айтқан болатын. Дональд Трамп Палестина автономиясы кіретін ұйымдарды, сондай-ақ Иран мен Солтүстік Кореяға салынған санкцияларды сырт айналып жұмыс істейтін өзге де құрылымдарды қаржыландыруды толықтай тоқтатуды жоспарлап отыр.