26 Қаңтар, 2017

2016 жылы Қытай Қазақстанға 623,9 млн доллар инвестиция салды

269 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
2016 жылдың қаңтар-қыркүйек аралығындағы Қытайдан келген тікелей инвестиция ағыны 623,9 млн. долларды құрады. Бұл 2015 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7 есеге көп, деп жазады finprom.kz. Алайда кері бағыттағы сауда белсенділігі құлдырау үстінде. Қазақстаннан Қытайға жалпы инвестиция ағынының көлемі бір жылдың ішінде 3 пайызға кеміп, 2016 жылдың қаңтар-қыркүйегінде 41,1 млн. долларды құраған. Қазақстанның Қытайға жалпы сыртқы қарызы 12,3 млрд. доллар (2016 жылдың қыркүйек айының соңы) деңгейінде қалыптасып отыр. Оның негізгі бөлігі банктік емес қаржылық ұйымдар мен қаржылық емес ұйымдарға, үй шаруашылығы мен коммерциялық емес ұйымдарға тиесілі. Қытай Қазақстанның басты 4 сауда серіктестерінің бірі. 2015 жылдың соңында екі елдің арасында көлік инфрақұрылымы, сауда, қайта өңдеу өнеркәсі, құрылыс, ауыл шаруашылығы және басқа да салалардағы ынтымақтастықтың  кластерлік аймақтарын құру бойынша 5 келісімге қол қойылған. Қазақстан бұл елге азық-түлікті арзанға сата бастады. 2016 жылдың қаңтар-қарашасында Қытайға жеткізілген азық-түлік өнімдері экспортының көлемі 115,5 млн. долларды құрады. Бұл 2015 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 28 пайызға кем.