Өскемендік Елқанат Тұрымтайұлы үйдің сүт кенжесі. Қарашаңырақты ұстап отырған бұл әулетте атадан балаға жалғасып келе жатқан көне жәдігерлер бар. Мәселен, бие сауатын ағаш шелекті алайық. Бұл бұйым ақ теректен шабылып жасалған екен. Бір ғасырдан асса да қаншама құдайы қонақты қымызға қандырған шелектің әлі кетеуі кетпеген. Әлі де пайдалануға болатындай бүтін, тіпті беріктігі арта түскендей берекелі ыдыс.
– Бұл шелек біздің ұлы әжеміздің жасауымен бірге келген екен. Моңғолияның Баян-Өлгей аймағындағы Қызылқайың деген жерде тұрған Бауша есімді әжеміз ауылдасы Нориұлы Мүсірбайға тұрмысқа шығады. Мүсірбай кедей болса, Бауша анамыз дәулетті кісінің қызы екен. Әкесі Сіргетай ұста адам болса керек, қызының жасауын өзі жасап, киіз үйімен бірге, яғни отауымен ұзатыпты. 13 құрсақ көтерген әжеміздің сегізінші баласы болып біздің әкеміз дүниеге келген. ХХ ғасырдың басында ұзатылған Бауша әжеміз ұзақ жасап, жетпісінші жылдары дүниеден өтті. Бүгінде немере-шөберелері ұлы әжеміздің дүние-мүлкін қастерлеп, көздің қарашығындай сақтап келеді, – деді Елқанат.
Айтуынша, бабадан қалған көне мұраның арасында бие сауатын шелектен басқа ет табақ, келі-келісап, қазан-ошақ, күмістелген жүген және тұскиіз сияқты 15-ке жуық тұрмыстық дүниелер бар. Біршамасы басқа ағайындардың үйінде сақтаулы.
1997 жылы атамекенге көшіп келген Елқанат қарашаңырақта сондай-ақ, атақты Ер Жәнібектің қымыз ішкен кесесі мен қылышының қыны болғанын, әкесі бұл заттарды батырдың 300 жылдық мерейтойы кезінде Астанадағы музейге сыйлағанын айтты.
Думан АНАШ,
«Егемен Қазақстан»
ӨСКЕМЕН

Жаңбыр мен қар, боран: Ертең елімізде ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 18:35
Жаңа Конституция – елдің экологиялық қауіпсіздігінің берік тірегі
Қоғам • Бүгін, 18:18
Ауылдан шығып, Азияны бағындырды
Спорт • Бүгін, 18:04
Экспортты ұлғайту жолында қандай кедергілер бар?
Экспорт • Бүгін, 17:52
Астанада үш жаңа автобус бағыты пайда болады
Елорда • Бүгін, 17:40
Қазақстанда нөмірді бір оператордан екіншісіне ауыстыру ережесі өзгеруі мүмкін
Қоғам • Бүгін, 17:34
Тоқаев Ұлттық банк Төрағасының орынбасарын лауазымынан босатты
Оқиға • Бүгін, 17:22
Жамбыл облысында Конституциялық реформаның саяси жаңғырудағы рөлі талқыланды
Аймақтар • Бүгін, 17:21
Ұлттық орталық музейде «Алтын Орда» жаңа көрме залы ашылады
Тарих • Бүгін, 17:13
Енді гормондық талдауларды ЖИ арқылы жедел тексеруге болады
Ғылым • Бүгін, 17:11
Фристайл-акробатика: Отандастарымыз Олимпиаданың финалына өте алмады
Қысқы спорт • Бүгін, 17:05
Атырауда топыраққа мұнай төккен компанияға 2,3 млн теңге айыппұл салынды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 16:52
Павлодарда салықтан жалтарған құрылыс алпауыттарынан 120 млн теңге өндірілді
Оқиға • Бүгін, 16:43