27 Қаңтар, 2017

Елбасының Үндеуі – демократиялық даму жолындағы тарихи шешім

310 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
DSC_6340-1Нұрлан Нығматулин, Парламент Мәжілісінің Төрағасы: Біз Тәуелсіз Қазақстанымыз дамуының жаңа белесі басталған маңызды кезеңде тағы бір тарихи оқиғаның куәсі болып отырмыз. Ол – Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың билік тармақтарының өкілеттіктерін қайта бөлу туралы Үндеуі. Бұл – тікелей мемлекеттің және ұрпақтың болашағын ойлағаннан жасалған қадам. Біз егемендік алған күннен бас­тап тиімді президенттік басқару жүйесінің арқасында өзіміздің қазақстандық даму жолымызды қалыптастыра отырып, өте биік табыстарға жеттік. Елбасымыз айтқандай, жаңа мемлекет, жаңа экономика, жаңа қоғам құрдық. Бүкіл әлем таныған әйгілі мемлекетке айналдық. Осы жетістіктерімізді сақтап, одан әрі үздіксіз дамуды қамтамасыз ету үшін мемлекеттік басқаруды жаңғырту туралы бастама Елбасының болашақты болжайтын көреген саясатының нәтижесі екені сөзсіз. Сонымен бірге, мұны Прези­дентіміздің саяси жүйені демократияландыру жолындағы тарихи шешімі деп білеміз. Бұл – еліміз үшін, бола­ша­ғымыз үшін өте маңызды қадам. Осы кезеңде біздің депутат­тарға жүктелген жауапкершілік те өте зор. Ол – барлық баста­ма­ларды сапалы заңдармен қам­тамасыз ету. Себебі, осы реформа жолында Конституцияға және көптеген заңдарға өзгерістер енгізіледі. Үкіметтің өкілеттілігі кеңейіп, Парламенттің рөлі күшейеді. Конституциялық Кеңестің, сот жүйесінің және прокуратураның қызметі жетілдірлетін болады. Президентіміздің Жарлығына сәйкес, конституциялық реформалар жобасы жалпыхалықтық талқылауға шығарылады. Сондықтан ел болып, халық болып осы маңызды реформаны зор та­быс­­пен өткізіп, алға қойған мақсаттарымызға абыроймен жетеміз деп сенеміз.