27 Қаңтар, 2017

Иракта бес айдан бері мұнай кен орны өртеніп жатыр

493 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

333

Ирактың Найнава өңіріндегі әл-Каяйра қаласындағы мұнай кен орындары бес айдан бері өртеніп жатыр, деп жазады Анадолы агенттігі.

24 тамыз күні "Ислам мемлекеті" терроршылары шегініп бара жатып осы жердегі он кен орнына өрт қойып кеткен.

Өртті ауыздықтау үшін мамандар жұмыс істеп жатыр. Ал бұдан келген зардап миллиондаған долларға жетті. Сонымен қатар өртеніп жатқан кен орындары жергілікті тұрғындардың денсаулығына да қатер төндіруде.

Өртке оранған 24 кен орнының 13-інде өрт ауыздықталса, тағы 11 кен орны әлі өртеніп жатыр.

North Oil Company компаниясы қызметкерлерінің айтуынша, Ирак әскерінен шегінген терроршылар кетіп бара жатып шамамен 30 шақты жарылғыш зат қойып кеткен.

Мосулдан 60 шақырым жердегі әл-Каяйра қаласында 70 шақты кен орны бар.

2014 жылы осы аймақты басып алған терроршылар мұнай сатып бір байып қалған еді.