27 Қаңтар, 2017

Ұлыбритания басшысы Трампты Ресеймен татуласуға шақырды

390 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

12

АҚШ-қа жасаған сапарында Ұлыбритания үкімет басшысы Тереза Мэй АҚШ билігін Ресеймен қатынасты жақсартуға шақыра отырып, бәрібір Путиннің саясатынан сақ болуды ескертті, деп BBC.

"Ресеймен арадағы қатынаста Рейганның саясатын үлгіге алу керек. Ол Михаил Горбачевпен достық қатынаста болғанымен, толығымен сеніп кеткен жоқ. Путинмен де байланысты жақсарта отырып, одан да абай болу керек", - деді Тереза Мэй.

Сонымен қатар Ұлыбритания басшысы АҚШ-Ұлыбритания байланысының өз мүдделерін сақтай отырып, бір кездері сәтсіз жасалған интервенционализм саясатын қайта қолға алмау керектігін айтты.

"Бұдан былай Ұлыбритания мен АҚШ өзге елдердің ішкі саясатына араласып, дүниені өзгертуге деген әрекеттерін қоюы керек", - деді Мэй.

"Дегенмен, мәселе біздің мүддемізге қайшы болса, онда тиісті шара қабылданғаны жөн", - деді премьер.

"Мәселен, Таяу Шығыстағы Израильдің қауіпсіздігі мен Балтық жағалауындағы Эстонияның мүддесін сақтау үшін біз өз үлесімізді қосуымыз керек", - деді.

Сонымен қатар Ұлыбритания басшысы екі ел арасындағы қатынасты қайта дамытып, әлемдегі көшбасшылықты қайта қолға алатын уақыт келгенін айтты.