30 Қаңтар, 2017

Өкілеттіктерді қайта бөлу – уақыт талабы

422 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін
Елбасының мемлекеттік би­лік тармақтары арасында өкі­­лет­тіктерді қайта бөлу мә­се­ле­ле­рі жөніндегі жұмыс то­бын  құ­ру ту­ралы өкіміне сай құ­рыл­ған ар­найы топ аталған ша­ра­л­ар­ды іске асыру үшін же­дел тал­қы­­лаулар өткізіп, бір­қатар ұсы­ныс­­тар әзірледі. Со­ған сәйкес осы мәселелер жө­нін­де­гі жұмыс тобының оты­рысы өт­кен болатын. Оған Мемлекет бас­шысы қатысып, мемлекеттік би­лік тармақтары арасында өкі­лет­тік­терді қайта бөлу – республика да­муының жүйелі және заңды ке­зе­ңі болып табылатынына баса назар аудар­ды. Міне, біз осы орайда Кон­ституциялық Кеңес мүшесі, заң ғылымдарының док­­торы, про­фессор Үнзила ШАПАҚҚА жо­лығып, атал­ған мәселеге бай­ланыс­ты сұ­рақ­­тарымызға қыс­қаша жауап беруін сұраған едік. – Үнзила Шапаққызы, еліміз тәу­е­лсіздікке ие болған сәттен бас­тап Қазақстанда мемлекеттік басқару реформалары жүргізіліп ж­а­тыр. Ал  конституциялық ре­формаға бет бұрды дегеніміз, Қазақстан даму тарихының тағы да жаңа парағын ашты дегенді білдіреді емес пе? – Иә, Қазақстан Республикасы Пре­зи­дентінің «Қазақстан-2030». Бар­­лық қазақстандықтардың гүл­денуі, кауіпсіздігі және әл-­ауқа­ты­ның жақсаруы» атты Қазақстан хал­қына Жолдауында тиімді осы заман­ғы мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару құрылымын құру мемлекеттің түйінді міндеттерінің бірі болып айқындалады деп көрсетілген. Яғни, бұл құқықтық базаға өзгеріс енгізу мемлекеттік басқарудың жүйелі болуын, биліктің барлық тар­мақ­тарының тиімді жұмыс іс­теуін және мемлекеттік органдар жауапкершілігін арттыруды құқық­тық қамтамасыз етуді көздейді. Мемлекеттік басқаруды ре­фор­ма­лаудың негізгі мақсаты де­мок­ра­тиялық, ашықтық, тиімділік, нә­тижелілік және қоғам алдында есеп беру қағидаттары негізінде мем­лекетті басқарудың жаңа тиім­ді моделін құру арқылы аза­мат­тар­дың құқықтары мен бостандығын ба­рынша іске асыру үшін қажетті жағ­дайларды қамтамасыз ету және орнықтыру. Өйткені, консти­ту­ция­лық реформа қоғамдағы саяси жә­не әлеуметтік-экономикалық өз­ге­рістердің құқықтық тұғырын нақ­тылап береді. Ал билік тармақтарының үй­лес­ті­рілген қызметі мен өзара іс-қимылының тиімділігі және теңгермелікті сақтай отырып қоғам және мемлекетті басқаруда жоғары дәрежедегі жауапкершілікке ие болу еліміздің дамуын нығайта түседі. – Елбасы ұсынған бес институт­тық реформаның бірін  іске асы­ру­­дың жолы ретінде Үкіметке эко­­­номика саласына қосымша ат­қ­а­­рушылық өкілеттіктер беру­ді көздейтіндігі айқындалған. Қа­зір­­­­гі кезде осы мемлекеттік би­лік тар­­­мақтары арасында өкілет­тік­­тер­ді қайта бөлу  бойын­ша көп­теген ұсыныстар түс­кен кө­рі­неді. Бұған сіздің көз­қа­ра­сы­ңыз қан­дай? – Елбасы ұсынған бес инсти­тут­тық реформаны іске асыру ба­р­ысында Үкіметке экономика сала­сын­да қосымша атқарушылық өкі­леттіктер беру көзделген. Осыны жү­зеге асыру мақсатында Елбасы кө­терген билік тармақтары арасында өкі­леттіктерін қайта бөлу мәселесі бойынша жұмыс тобы құрылған. Жұмыс тобына депутаттық кор­пустан, Конституциялық Кеңес­тен, сот және прокуратура қыз­мет­кер­ле­рінен, мемлекеттік орган­дар­дан, Заңгерлер одағынан, заң­гер-ға­лымдардан, ғылыми-сарап­шы қауым мүшелерінен түскен ұсы­ныс­тардың алдағы бір ай көлемінде қ­оғам­дық талқыға салынатыны бел­гілі. – Осы ұсыныстарды қандай бағыттарға бөлуге болады? – Қазіргі түскен ұсыныстарды шартты түрде 3 бағытқа бөлуге бо­лады: бірінші – Конституция нор­ма­ларын түзетуді көздейтін ұсы­­ныстар – Үкімет құрамын жа­сақ­тауға қатысты Парламент пен оның палаталарының өкілеттіктерін ке­ңейту; Үкіметтің Парламент пен оның палаталары алдындағы есептілігін кү­шейту; Үкіметтің дербестігі мен жауапкершілігін күшейту; сот-құқық саласын жаңғырту; конституциялық бақылау тетігін жетілдіру. Екінші – Конституцияға өзгерістер енгізуді қа­жет етпейтін ұсыныстар – Мем­лекет басшысының заңмен (қол­д­а­ныстағы конституциялық және ағым­дағы заңдарда) белгіленген өкі­леттіктерін қайта бөлу, соның ішін­де экономиканы, қаржыны, мем­­лекеттік мүлікті басқару өкі­леттіктері; әкімшілік-аумақтық құ­ры­­лымның жекелеген мәселелерін ше­шуге қатысты өкілеттіктері жә­не т.б. Үшінші – Конституцияға өз­герістер енгізуді қажет етпейтін ұсы­­ныстар – Жоғарғы сот пен Бас прокуратура сот және құқық қор­ғау жүйесінің қызметін одан әрі же­тіл­діру; сот бақылауын күшейту; про­курорлардың азаматтық және әкі­м­ші­лік процеске қатысуын шектеуге қа­тысты және т.б. Комиссияға түскен ұсыныстар қо­ғам алдында әлі де жіті тал­қы­ла­нады. Нәтижесінде, мемлекетті бас­қару жүйесінде ұстанып отырған сая­сат­ты шыңдайтын, бәсекеге қа­білетті еліміздің конституциялық тұ­ғы­рын нығайта түсетін заңды ше­шімдер табылады деп сенемін. – Әңгімеңізге рахмет. Әңгімелескен Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»
Соңғы жаңалықтар

Астықты өңірдің сенімі

Референдум 2024 • Бүгін, 09:50

130 отбасы баспаналы болды

Аймақтар • Бүгін, 09:45

Аға буынның өнегесі

Референдум 2024 • Бүгін, 09:43

Аға ұрпақ – асыл қазына

Қоғам • Бүгін, 09:40

Ұйымшылдықпен өткен күн

Референдум 2024 • Бүгін, 09:38