30 Қаңтар, 2017

Канада премьер-министрі босқындарға өз елінен пана беруге дайын

328 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Ақ үйдің жаңа қожайыны Дональд Трамп Құрама Штаттарға босқындарды кіргізуге тыйым салғаннан кейін Канада премьер-министрі Джастин Трюдо бас сауғалаған жандарға өз елінен пана беруге дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Хабар24. АҚШ президенті ұстанған көші-қон саясаты мыңдаған адамның наразылығын туғызып, бірнеше елде Дональд Трамп жарлығына қарсы жаппай шерулер өтіп жатыр. «Отанын соғыс оты шарпып, террорлық шабуылдардан бас сауғалағандарға Канада қуана көмек береді және оларды діни наным-сеніміне қарап бөліп-жармайды», - деп жазады Канада премьер-министрі Джастин Трюдо өзінің Twitter әлеуметтік желісінде. Іле-шала бұл бастаманы Шотландия премьері Никола Стерджен де қолдап, қол ұшын беруге дайын екенін мәлімдеген.