үздік оқытушы атанды
Алматыдағы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті – ТМД елдері арасында тек аруларға арналған бірден-бір жоғары оқу орны. Қара шаңырақта қазіргі таңда 8500-ге жуық студент білім алуда.
Қыздар университеті үшін жыл жақсы басталды. Білім ошағының жеті бірдей ұстазы Білім және ғылым министрлігінің «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атанды. Олар – қазақ филологиясы және әлем тілдері факультетінің ұстазы, профессор Ләззат Әділбекова, физика-математика факультетінің профессоры Әжімұқан Жамалов, қазақ филологиясы және әлем тілдері факультетінің қауымдастырылған профессоры Сағира Оданова, физика-математика факультетінің профессоры Эльмира Бакирова, әлеуметтік-гуманитарлық факультетінің қауымдастырылған профессоры Сара Қырықбаева, өнер және мәдениет факультетінің профессоры Мөлдір Оразалиева, педагогика және психология факультетінің профессоры Гүлнар Мұратбаева.
Ұстаздар жетістігімен қатар, жылдан-жылға университеттің де табыстары еселенуде. 2015 жылы Қыздар университеті Ұлттық бизнес рейтингтің халықаралық рейтинг одағының шешімімен «Сала көшбасшысы-2015» сертификатымен және «Сала көшбасшысы-2015» қабырға медалімен марапатталса, өткен жылы QS Stars University Ratings халықаралық рейтингі бойынша «3 жұлдыз» иеленген тұңғыш педагогикалық жоғары оқу орны атанды. Ал білім ошағының ректоры Динар Нөкетаева жаңа жыл қарсаңында республика руханияты мен біліктілік әлеуетін көтерудегі қызметі үшін «Парасат» орденімен марапатталды.
Қазіргі таңда Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті – Ұлттық рейтинг бойынша педагогикалық ЖОО-лар ішінде алғашқы орындарды иеленген ең үздік университет болып табылады. Еуропалық білім беру жүйесіне қарай бой түзеген университетте үш деңгейлі мамандар дайындау жүйесі толығымен енгізілген. Бүгінде университет қос дипломды бағдарламалар бойынша білім алуға қол жеткізіп, LAMS (Ұлыбритания) және Миссисипи (АҚШ) атты әлемдік университеттермен арнайы бағдарламаны жүзеге асыруда.
Айнаш ЕСАЛИ,
«Егемен Қазақстан»
АЛМАТЫ

Жасанды интеллект отандық өнеркәсіпті қалай өзгертеді?
Жасанды интеллект • Бүгін, 11:18
Барлық сатылым үшін кешбэк: Қай банктер жомарттық танытады?
Қоғам • Бүгін, 11:08
Тауар өндірушілер тізіліміне өтінім қабылдау жалғасып жатыр
Digital • Бүгін, 10:59
Әлеуметтік зерттеу: Қазақстан халқының 85%-ы жаңа Конституция жобасын қолдады
Ата заң • Бүгін, 10:45
Банктер туралы жаңа заңға байланысты депозиттерге кепілдік беруде не өзгереді?
Банк • Бүгін, 10:32
Нұрай Серікбайдың өлімінен кейін полиция басқармасына жаңа басшы келді
Қоғам • Бүгін, 10:28
Алматы − Қонаев тасжолы: Ақылы жолдарда кімдер тегін жүре алады?
Аймақтар • Бүгін, 10:13
Солтүстік Қазақстан облысында жасөспірім уланып қалды: Оқиға мектепте болған
Оқиға • Бүгін, 10:03
Мәжіліс пен Беларусь Парламенті заң шығару саласында тәжірибе алмасады
Саясат • Бүгін, 09:56
6 ақпанда республика бойынша қай жолдар жабық?
Ауа райы • Бүгін, 09:35
Синоптиктер болжамы: Қазақстанда күн күрт суытады
Ауа райы • Бүгін, 09:20
Пікір • Бүгін, 09:18
Адам капиталына басымдық беріледі
Пікір • Бүгін, 09:15
Мемлекет пен қоғамның айқын таңдауы
Пікір • Бүгін, 09:13
Реформа • Бүгін, 09:10