31 Қаңтар, 2017

Заңнамалық тұрғыдан барлық дәрі-дәрмектің бағасын реттеуді енгізу қажет - Елбасы

366 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында денсаулық сақтау жүйесіндегі өзгерістерге тоқталды. Президент Жолдауының мәтініне сәйкес, білім беру жүйесімен қатар денсаулық сақтау жүйесі де өзгеру керек. "Биылғы 1 шілдеден мемлекеттің, жұмыс берушілердің, азаматтардың ортақ жауапкершілігіне негізделген міндетті медициналық сақтандыру жүйесі (ММСЖ) енгізіле бастайды. Бұл жүйенің тиімділігі әлемдік тәжірибе арқылы дәлелденген. Медициналық сақтандыру жүйесіне қатысушыларға кең ауқымдағы медициналық қызметтер ұсынылады. Оған халықтың әлеуметтік әлсіз топтарының қатысуына мемлекеттік қолдау көрсетіледі. Үкімет қажетті деңгейде денсаулық сақтау саласын ақпараттандыруы керек. Бәсекелестікті дамыту үшін жеке меншіктегі медицина мекемелеріне ММСЖ жүйесі аясында тең жағдай туғызу керек. Үкіметке және әкімдерге кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізуді тапсырамын. Сондай-ақ, заңнамалық тұрғыдан барлық дәрі-дәрмектің бағасын реттеуді енгізу қажет", - делінген Жолдауда.