31 Қаңтар, 2017

Астанада пайдаланылмаған 500-ден астам жер телімі қайтарылып алынбақ

296 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Былтыр елордада жер учаскелерінің жалға алу құқығын сату бойынша 13 аукцион ұйымдастырылған. Бұл туралы қалалық жер қатынастары және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының 2016 жылғы жұмыс қорытындысында келтірілген, деп хабарлайды әкімдіктің сайты. 2012 жылдан бастап бүгінгіге дейін қала аумағында жалпы аумағы 16 мың га болатын 1 084 пайдаланылмайтын жер анықталған. Олардың ішінен қабылданған шаралардың нәтижелері бойынша ауданы 6 мың га жердегі 269 учаске мемлекетке қайтарылған. Сондай-ақ ауданы 2,6 мың га жердегі 277 учаске бойынша меншік иелері мен жер пайдаланушылар учаскелерін игеруге кірісті. Ал, қалған 7,4 мың га болатын 538 учаске бойынша ҚР Бас прокуратурасымен бірге Қолданылмаған жерлерді алып қоюды жүзеге асыру жөніндегі жол картасы әзірленген. «Өткен жылы 114 жер учаскесінің жалға алу құқығын сату бойынша 13 аукцион ұйымдастырылды және өткізілді, оның ішінде, 74 учаске бойынша келісім-шарт және ақысын толық төлеу жасалды», - делінген хабарламада. Өткізілген аукциондардан 2016 жылы жалпы нақты түсім 615,1 млн теңге, одан әрі, сатылған жер учаскелері бойынша бюджетке болжамды түсімдер - 12,8 млн теңге.