«Адамдар оны өте жақсы көреді және құрметтейді»
Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қайта сайланатыны күмәнсіз еді Қазақстанда жексенбі күні кезектен тыс президенттік сайлау болып өтті. Бұл үдеріс іс басындағы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттігі бітуге 1 жыл қалғанда болды. Орталық сайлау комиссиясының мәліметтеріне қарағанда, дауыс берушілер саны өте жоғары болды. Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа басқа үш кандидат қарсы тұрды. Жалпы, әуел баста 20-дан астам адам өздерінің президенттікке таласатындықтарын байқатты. Ақыр соңында президенттікке 4 кандидат таласты. Сөйтіп, сайлауалды науқан толыққанды жүрді деуге негіз қалыптасты. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы өзі тарапынан сайлауға 300 байқаушыны қосты. Сайлауалды есебінде ұйым Қазақстандағы сайлау қай жағынан қарағанда да ашықтық, әділеттілік тұрғысынан ерекшеленетінін атап көрсетті. Сайлау кезінде аталған байқаушылар атап көрсетерліктей деңгейде заң бұзушылықтар болмағанын атап көрсетті. Бай энергетикалық ресурстарға ие мемлекет бүгінгі таңда экономикалық өсімге қол жеткізіп отыр. Мәселен, Қазақстанның 2010 жылғы ішкі жалпы өнімі орталық банктің деректеріне қарағанда, 7 пайызға өскен. Қазақстан әлемде уран шикізатының аса үлкен қоры бар мемлекет болып табылады. Соңғы мәліметтерге қарағанда, Қазақстандағы президенттік сайлау барысында Н.Назарбаев 94,8 пайыз дауыс алған. Ал адамдардың сайлау учаскелеріне бару деңгейі 90 пайызды құраған. 3 сәуір күні Қазақстанда президенттік сайлау болып өтті Оған 4 кандидат қатарында іс басындағы Президент Н.Назарбаев қатысса, ол ел халқының арасында үлкен танымалдылыққа ие. Сондықтан болса керек, Қазақстан халқы сайлаушыларының басым бөлігі іс басындағы Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа дауыс берді. Президенттікке 4 адам үміткер болды. Олардың ішінде іс басындағы Президент Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Коммунистік халықтық партиясы, Орталық комитетінің хатшысы Жамбыл Ахметбеков, «Табиғат экологиялық одағының көшбасшысы» Мэлс Елеусізов және Қазақстан Парламенті Сенатының депутаты Ғ.Қасымов болды. Қазақстан Республикасы Ішкі істер вице-министрі Александр Кулиничтің айтуына қарағанда, сайлау жоғары деңгейде өтті. Ешқандай тәртіп бұзушылық тіркелген жоқ. 9 мыңнан астам сайлау учаскелері полицияның бақылауында болды. Елдегі сайлауды 23 мыңнан астам полиция қадағалады. Сайлау барысын ЕҚЫҰ-ның, ТМД-ның, ШЫҰ-ның 1 мыңнан астам халықаралық байқаушылары байқады. Сонымен қатар 200-ден астам шетелдік журналистер сайлауға өздерінің көзқарастарын білдіруге мүмкіндік алды. Тұтастай алғанда, Қазақстанда 9 миллионнан астам адам өз таңдауларын жасады. Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Владимир Фоостың айтуынша, күндізгі сағат екіге дейін-ақ президенттік сайлауға қазақстандықтардың 66 пайыздан астамы қатысқан. Байқаушылардың көпшілігі сайлауда Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың айқын жеңіске жететінін болжаған болатын. Бұл жөнінде Ирина Медникова былай дейді: «Біз таңертеңгі сағат 8.00-ден бастап хаттама қағаздарын жинастыра бастадық. Дауыс берудің алғашқы сәттерінен бастап-ақ Нұрсұлтан Назарбаевтың жеңіске жететініне ешқандай күмән туған жоқ. Шын мәнінде жағдай солай болып шықты да». * * * Қазақстан: Назарбаев араб лидерлерінен озық Нұрсұлтан Назарбаев 1990 жылдан бері Қазақстан Президенті лауазымында. Егер көрші Қырғызстанда осы уақыт ішінде үшінші мемлекет басшысының сайланғанын ескерсек, бұл айтарлықтай мерзім. Қазақстандағы президент сайлауы нәтижесіне құрамына 20 саяси партия мен 15 қоғамдық ұйым кіретін Қырғызстанның Жалпыұлттық конгресінің лидері Аликбек Джекшенкулов түсінік береді: 3 сәуірдегі президенттік сайлауда Нұрсұлтан Назарбаевтың жеңіске жететіні мәлім. Мен Қазақстанды 20 жылдан астам уақыт басқаруы оны прогресшіл саясаткер ретінде көрсетті деп ойлаймын. Нәтижелердің өзі-ақ оған дәлел. Бұл тұрғыда халық көтерілістері болып жатқан араб әлемі елдерінің басшылары Назарбаевтың 20 жыл ішінде елді жаңғыртып, экономиканы көтеріп, тұрмыс деңгейін арттырып, бүгінде Қазақстан өмірінің барлық салаларында еңбек етіп жүрген саясаткерлердің, кәсіпқойлардың жаңа буынын тәрбиелеп шығарғаны үшін оған қызғана қарайды деп ойлаймын. Мен қазақ халқының тұрқтылықты сақтап, прогрессивті және өркениетті жолмен белсенді дамуды жалғастырып келе жатқанына қуанамын. Сайлаудан кейін де ахуал алға басып, елді жаңғырту жалғаса береді, сөйтіп 2030 жылы Қазақстан жоғары деңгейлерге жетеді деп үміттенемін. Өткен сайлауда Назарбаев 91 пайыз дауыс алған болатын Exit-poll деректеріне қарағанда, Назарбаевқа қазақстандықтардың басым көпшілігі өз дауыстарын берген. Нақтылап айтсақ, алдын ала деректер бойынша, дауыс беруге келген қазақстандықтардың 94,8 пайыздан 95,1 пайызға дейінгілері Іс басындағы Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа дауыс берген. Тұтастай алғанда, осы жолғы сайлауда қазақстандықтар үлкен белсенділік танытты. Сайлау учаскелеріне келгендер халықтың 90 пайызынан асып түсті. Америка Құрама Штаттарындағы қазақстандық диаспора сенімі АҚШ-тағы диаспора республикадағы президенттік сайлаудан кейін елдегі бұған дейінгі тұрақтылық бағыты сақталады деп сенеді. Бұл туралы ИТАР-ТАСС-қа Америкадағы Ассоциация президенті Дархан Нұрмағамбет мәлімдеді. «Біз жаңа президенттен қазіргі бағытты жалғастырғанын қалаймыз», деп атап көрсетті Д.Нұрмағамбет. Осы жерде атап көрсететін бір жәйт – Д.Нұрмағамбет басқаратын ұйым өзінің құрамына 600 адамды біріктіреді. Бұлардың барлығы Вашингтон қаласының тұрғындары. Ал түптеп келгенде, бұлар АҚШ азаматтары болғанымен, шыққан тегі қазақстандықтар болып табылады. «Біз Отанымызда болып жатқан оқиғалардың барлығын мұқият қадағалап отырамыз және әрқайсымыздың еліміз үшін жанымыз ауырады, – деп мәлімдеді Нұрмағамбет. – Біз Қазақстанда қалыптасқан бұған дейінгі тұрақтылық жалғаса берсе екен деп тілейміз. Өйткені, бұл үдеріс 20 жылдан бері оң жалғасын тауып келеді. Мұның барлығы Қазақстан сияқты көпұлтты мемлекет үшін өте маңызды». Назарбаев: Қазақстан халқы реформа бағытына қолдау көрсетті Қазақстанның қазіргі Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өткен жексенбіде Қазақстанда болған кезектен тыс президент сайлауын тарихи мәні бар оқиға деп атады. «Біз қоғамымыздың демократиялылығын, біздің жетістіктерімізді бүкіл әлемге тағы бір рет дәлелдедік», – деді ол Астанадағы өзінің сайлауалды қоғамдық штабында болған кезінде. «Бұл сайлау ашық, әділ өтті. Құқық қорғау органдары заңдылықты қадағалады. Барлық президенттікке кандидаттарға бірдей құқықтар, бұқаралық ақпарат құралдарына қолжетімділік, бүкіл облыстарда, аудандарда, қалаларда, селоларда өз бағдарламаларымен, өз идеяларымен сөз сөйлеулеріне мүмкіндіктер берілді», – деп еске салып өтті Назарбаев. Ол Қазақстандағы сайлауға байқау жасау үшін 1059 шетелдік байқаушылардың, 200 шетелдік журналистердің келгенін, оларға дауыс берудің барлық үдерістеріне кедергісіз қатысып, сайлауды байқауға мүмкіндік берілгенін атап көрсетті. * * * Пол Вилле, Бельгияның құрметті сенаторы Сенатор Қазақстандағы сайлау барысына қысқа мерзімді байқаушы ретінде дауыс беру күнінің бірінші жартысындағы өз миссиясын орындау барысында оң ахуалды атап көрсетті. «Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді байқаушылардың есептерін салыстыру қиын, – деді Вилле жексенбі күнгі брифингте. – Мен қысқа мерзімді байқаушы ретінде үдерістің сыртқы жағына көңіл бөлемін». Сенатор ЕҚЫҰ/ДИАҚБ миссиясы тарапынан белгілі бір елдерге жиі-жиі теріс көзқарастың байқалатынын атап өтті. «Күні бұрын қалыптастырылған теріс пікірлер өте жиі орын алады. Әңгіме белгілі бір елдерге қатысты қосарлы стандарттар туралы болып отыр», – деді ол, Қазақстандағы байқау режімінің нақты және объективті болатынына сенім білдіре отырып. Қазақстандағы президенттік сайлау таза, әділ және ашық өтті Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаев exit-poll-дың деректеріне қарағанда, кезектен тыс президенттік сайлауда сайлаушылардың 95 пайыздан астам дауысын алған. Бұған себеп Нұрсұлтан Назарбаев елді 20 жылдан астам уақыттан бері басқарып келеді. Осы ретте ел халқының іс басындағы Президентке басымдық танытуы заңды көрінеді. «Қазақстанда жексенбі күні өткен сайлау бүкіл әлемге біздің қоғамның демократиялығын тағы бір мәрте айғақтап берді», деп мәлімдеді Н.Назарбаев. Президенттің бағамдауы бойынша, сайлау ашық, әділ және таза өтті. «Барлық кандидаттарға бірдей жағдай жасалды. Бұқаралық ақпарат құралдарында да кандидаттардың ешқайсына артықшылық берілген жоқ. Бүгінде біздің алдымызда үлкен міндеттер тұр. Оның барлығын Қазақстан халқымен бірлесіп шешетін боламыз. Бұл үшін елде бірлік, тұрақтылық, түсіністік және келісім керек. Көпэтносты Қазақстан үшін бұл өте маңызды фактор болып табылады», деп атап көрсетті Н.Назарбаев. Орталық сайлау комиссиясының соңғы деректеріне қарағанда дауыс беруге құқы бар азаматтардың сайлау учаскелеріне келу деңгейі 89,9 пайызды құрады. Қазақстан бүкіл рекордтарды көрсетуде Сайлаушылардың келуі және президент үшін дауыс беруі жағынан осы жолғы сайлаудың бұған дейінгілерден асып кетуі мүмкін. Қазақ сайлау комиссияларының қызметкерлеріне қызғанышпен қарай алмайсың. Олар кеше сағат таңғы 7.00-де өз учаскелерін ашып үлгермей жатып-ақ, бірден үлкен кезек пайда болды. Мыңдаған мемлекеттік қызметшілер, зейнеткерлер мен студенттер өздерінің азаматтық борыштарын мүмкіндігінше ертерек орындауға тырысты. 2005 жылғы сайлауда халықтың келуі 76-78 пайыз болғанын еске сала кету керек. Егер кешегі сайлауда қандай да бір шиеленіс туындаса, оның өзі де дәл сол сайлаушылардың белсенділігіне қатысты болмақ. Қорытындысында сағат 20.00-ге қарасты адамдардың келуі шамамен 90 пайызды құрады. Америка сайлауды жақсы ұйымдастырғаны үшін Қазақстанды мақтады АҚШ байқаушылары жексенбіде өткен Қазақстан президенті сайлауының жақсы ұйымдастырылғанын атап өтті. «Барлық процедуралар нормативтік-құқықтық талаптарға толық сәйкес келеді», – деп хабарлады байқаушылар миссиясының мүшесі Дуглас Алан Таунсенд алты сайлау учаскесінде болғаннан кейін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында. Ол өзіне алматылық жоо-лардың бірінде кездескен жас сайлаушылардың көп болғандығы ерекше әсер еткенін жеткізді. «Егер дауыс беру осы қарқынмен жалғаса берсе, онда кешке қарай халықтың келуі жоғары пайызды көрсетеді», – дей келіп, байқаушы дәл осы жәйттің сайлауға баға беруде маңызды көрсеткіш болатынын атап өтті. ТМД миссиясы Қазақстандағы президенттік сайлаудың процедуралық ашықтығын атап көрсетті Қазақстандағы президенттік сайлаудың алғашқы сағаттарында ТМД байқаушылары миссиясы сайлаушылардың белсенділігін, сайлау үдерісінің жақсы дайындалғанын және процедуралық ашықтықты атап көрсетті. Бұл жөнінде миссия өкілі Юрий Солозубов 3 сәуір күні болған брифингте хабарлады. «Сайлау еркіңді білдіру және тікелей халық билігінің сәті болып табылып, халық одан әрі өзінің қалай өмір сүруі керектігін таңдайтындықтан, бұл – қуанышты жәйт. Мен қазақстандықтардың бұл құқықты белсенді пайдаланатынын көріп отырмын», – деп атап өтті Ю.Солозубов. Қазақстандағы президенттік сайлауда сайлаушылардың келуі рекордтық көрсеткішке жетті Қазақстандағы кезектен тыс президент сайлауында сайлаушылардың қатысуы 2005 жылғы дауыс беруде белгіленген рекордтан асып кетті. Сайлау учаскелері жабылардан төрт сағат бұрын дауыс беру құқы бар ел азаматтарының 77 пайызы өз дауыстарын берді. Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы дауыс берулердің елеулі бұрмалаушылықтарсыз өтіп жатқанын хабарлады. Италиядан келген байқаушылар бағамы Италиялықтар Қазақстандағы президенттік сайлауды шынымен де халықтық дауыс беру деп есептейді «Мен сіздердегі сайлаудың мерекелік ахуалда – би биленіп, ән айтылып өтетінін байқадым. Италияда олай емес. Онда дауыс беру кезінде партиялар арасында аяусыз күрес жүреді, учаскелерде үлкен шиеленіс қалыптасады. Сіздердің тәжірибеңіз шынымен де жақсы. Сіздерде шынымен де халықтық дауыс беру, халықтық сайлау өтіп жатыр деп айтуға болады», – деді брифинг кезінде Италия парламентінің депутаты Джанкарло Маццука. Өз әріптесінің сөзін халық қалаулысы Масимо Вануччи де растады. Ол өзінің төрт сайлау учаскесінде болғанын хабарлады. Оның айтуынша, барлық ережелер сақталған: дауыс беру құпиялығы, сайлаушының дербестігі мен еркіндігі қамтамасыз етілген. «Не сырттан, не іштен сайлау учаскелеріне қысым болған жоқ. Сайлаушыларды тіркеу әдепті жүрді. Біз дауыс беру процедурасы барлық ережелерге сәйкес өтті деп анық айта аламыз», – деді М.Вануччи. * * * Украина Қазақстаннан тұрақтылықты үйрене алар еді. Бұл туралы журналистерге арналған брифингте Украинадан сайлауға бақылау жүргізуші делегацияның өкілі, Украина Жоғарғы Радасы аппаратының қызметкері Юрий Голуб мәлімдеді. «Украина Қазақстаннан тұрақтылық мәселелері бойынша сабақ ала алған болар еді... Егер Қазақстандағы сайлау мен Украинадағы сайлауды салыстыратын болсақ, Украинада кандидаттар арасындағы текетірес күштілігімен ерекшеленді. Сөйтіп, қос кандидат сайлау алдындағы күресті жан берісіп, жан алысқан жағдайда өткерді», деді Ю.Голуб. Ол сондай-ақ Украина мен Қазақстандағы сайлауларда айырмашылық өте үлкен екенін атап көрсетті. Оның айтуынша, Қазақстандағы сайлау Украинамен салыстырғанда өте бір ізгілікті жағдайда өтті. Қазақстанда соңғы 12 жылда сайлау өткізу процедурасы айтарлықтай жақсарды Бүгінгі сайлау еуропалық стандарттарға сәйкес келеді, деп атап өтті Еуропарламенттің байқау миссиясы дауыс беру күнінің бірінші жартысының қорытындысы бойынша. «Мен 1999 жылы Қазақстандағы сайлауға байқаушы болдым, Астананың осы уақыттарда елеулі түрде өзгергенін айтқым келеді. 1999 жылға қарағанда сайлау процедурасы жақсарған. Бүгінде сайлау еуропалық стандарттар бойынша өтуде», – деді еуропарламентші, байқау миссиясының өкілі Милослав Рансдорф (Чехия). Оның айтуынша, елдегі сенім ахуалы өзінің осының алдындағы сапарына қарағанда едәуір жоғары. Назарбаевтың туған ауылында оған зор қошемет көрсетілуде 3 сәуірдегі президенттік сайлауда орасан жеңіске жетуге тиіс Нұрсұлтан Назарбаев осынау орталықазиялық мемлекетті екі онжылдықтан астам уақыт бойы басқарып келеді. Назарбаевтың өзі Тянь-Шань тауының қарлы шыңдарының көлеңкесі жапқан ауылда туып-өскен. Назарбаев осыдан 70 жылдан сәл астам уақыт бұрын Қазақстанның сауда астанасы Алматыдан бір сағаттай жүретін жердегі Шамалған ауылында дүниеге келген. Осындағы екі қабатты мектеп ғимаратында оның озық оқушысына арналған мұражай орналасқан. Ондаған фотоқұжаттар Назарбаевтың балалық шағы, оның Кеңес өкіметі жылдарында саяси баспалдақпен жоғары өрлеуі және президенттік қызметтегі табыстары туралы баяндайды. 3 сәуір күні осынау елді мекен тұрғындарының кім үшін дауыс беретініне күмән келтірудің реті жоқ еді. Олар Назарбаев есімін әркез мақтанышпен атайды. «Адамдар оны өте жақсы көреді және құрметтейді. Ол қарапайым адам, ол – біздердің біріміз сияқты, – дейді Шамалған тұрғыны Оля Нұрманова. – Біз тек Назарбаев үшін дауыс береміз». Заң бұзушылықтар болған жоқ Ислам Конференциясы Ұйымы Байқаушылар миссиясы президенттік сайлау барысында бірнеше учаскелерде болды. Біз өзіміздің тарапымыздан ешқандай заң бұзушылықтар орын алмағанын көрдік, деп атап көрсетті ИКҰ Байқаушылар миссиясының басшысы Шукру Турфан. «Дауыс берулердің алғашқы сағаттарында біз ешқандай заң бұзушылықтарды байқаған жоқпыз. Сайлаушылар белсенділігі өте жоғары болды, дауыс беру үдерістері өз ретімен жақсы өтіп жатты және әділ және таза сайлау болды деп атап өтуге болады», – деді елші Турфан журналистерге арналған брифингте. Турфанның сөзіне қарағанда, ИКҰ миссиясы күннің екінші жартысында да сайлау учаскелерінде өзінің миссиясын жалғастырды. Күннің тұтас бөлігінде ешқандай заң бұзушылықтар байқалған жоқ.Қазақстанның екі өңірінде жол жабылды
Ауа райы • Бүгін, 16:25
Астана даңғылдарының бірі 2 аптаға жартылай жабылды
Елорда • Бүгін, 15:47
Өскеменде бір ай бұрын жоғалып кеткен 19 жастағы қыздың мәйіті табылды
Қоғам • Бүгін, 15:17
Ақтау маңында ірі жол апаты болып, 7 адам ауруханаға жеткізілді
Аймақтар • Бүгін, 14:42
Алаш қозғалысы: 12 том құжаттар мен материалдар жинағы толық жарық көрді
Руханият • Бүгін, 14:03
Шайды қай кезде ішкенде зияны болмайды
Денсаулық • Бүгін, 13:32