06 Сәуір, 2011

Астана саммитінде жаңа бастамалар да көтерілмек

446 рет
көрсетілді
9 мин
оқу үшін
Шанхай ынтымақтастық ұйымы 2001 жылы құрылған. Ұйымға алты мемлекет – Қазақстан, Қытай, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан мүше. Бұл елдердің аумағында жер шарындағы халықтың төрттен бір бөлігі тұрып жатыр. Оның үстіне биыл Ұйымның құрылғанына 10 жыл толады, әрі Астанада Ұйымның мерейтойлық саммиті өтеді. Ал Ұйым қызметінің басты міндеті – ШЫҰ кеңістігінде қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету. Осыған байланысты газет тілшісі Шанхай ын­тымақтастық ұйымының Бас хатшысы М.С.ИМАНАЛИЕВПЕН әңгімелескен еді. – Мұратбек Сансыз­бай­ұлы, биыл Шанхай ынты­мақтастық ұйымының құ­рылғанына 10 жыл толады. Осы жылдар ішінде Ұйым өзі­нің қызметі аясында қан­дай басымдықтарға ерекше назар аударды? – Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) аталған кезең аралығында көптеген пробле­ма­ларды шешуге ықпал ететін шын мәніндегі беделді әрі ба­йыпты, сондай-ақ сенімді ха­лық­­аралық ұйымға айналды. Шанхай ынтымақтастық ұйы­мы қызметінің негізгі бағыт­тарына келсек, оның біріншісі – ШЫҰ-ға қатысушы мемлекеттер кеңістігінде тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету­ге байланысты проблема­лар­ды шешу. Екіншісі – Ұйым­ға мүше елдер арасында эко­номикалық және гуманитарлық салалар бойынша ынтымақтас­тықты дамыту. Әр халықаралық ұйымның өзі­не тән атқаратын қызметі мен функциясы, дәлірек айт­қан­да, бір-бірінен ерекшелігі болады. Шанхай ынтымақ­тас­тық ұйымында да солай. Мыса­лы, өткен жылдың қаңтарында БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мун әңгіме барысында Біріккен Ұлттар Ұйымы ШЫҰ-ны Орта­лық Азиядағы қауіпсіздікті өз жауапкершілігіне алып отыр­ған Еуразия кеңістігіндегі ерекше маңызды және аса беделді ха­лық­аралық ұйым ретінде қарас­тыратынын атап өткен еді. ШЫҰ-ның Орталық Азия өңі­рінде тұрақтылық пен қауіп­сіздікті қамтамасыз етуде, эко­но­микалық және гуманитарлық ынтымақтастықты нығайтуда ерекше рөл атқаратындығын көр­сетеді. – Осы жылдың 15 мау­сы­мында Астанада ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің жоғары деңгейдегі саммиті өтеді. Мем­лекеттер басшыларының мерейтойлық саммитінде қан­дай мәселелер талқы­лануы мүмкін? – Алдағы Астана саммитінде ШЫҰ-ға қатысушы мем­лекеттердің басшылары өткен 10 жыл ішінде Ұйым жұ­мы­сын­да жинақ­тал­ған оң тәжіри­бе­лер­мен қатар, орын ал­ған кемшіліктер де қа­рас­ты­ры­лады деп күті­ліп отыр. Ұйым­ға мүше алты мем­лекеттің басшы­ла­ры, оның ішінде Қазақстан жа­ңа бастамалармен шығуы да ық­­тимал. Ал қа­зір­гі кезде тиісті құрылымдар Ұйым қызметін алдағы уақытта жетілдіруге қа­тысты ұсыныстарды әзірлеу жұ­мыстарымен айналысып жа­тыр. Жоғары деңгейдегі жиын­да, сондай-ақ ШЫҰ-ның өзге халықаралық ұйымдармен, құ­ры­лымдармен, әсіресе, Біріккен Ұлттар Ұйымымен ынтымақ­тас­тықты нығайтуға баса назар аударылатын болады. Өйткені, бүгінде әлем өзгеріп жатыр, түрлі жағдайлар жиі көрініс беруде. Оның үстіне тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде жаңа проблемалар туын­дау­да. Міне, бұлар халықара­лық ұйымдар мен құрылым­дар­дың тығыз байланыстар жа­сауын қажет етеді. – ШЫҰ-ға мүшелікке кіруге ынта танытқан мемлекеттер бар ма? – Шанхай ынтымақтастық ұйымы ашық ұйым болып та­бы­лады. Ал мүшелікке қабыл­дау Ұйымның жарғысына сәй­кес жүзеге асырылады. Ұйымға мүше болғысы келетін мемлекеттер де бар. Бұл мәселе сол елдің өзінің қалауына байла­ныс­ты. Бірақ, Ұйымға мүшелікке кіргісі келетін ел Ұйымның қыз­метіне қандай да бір проблемалар әкелмеуі тиіс және Ұйымның қыз­метіне қандайда бір қиын­дық­тар тудырмауы қажет. Мысалы, Пәкстан ШЫҰ-ға мүше болып кіруге екі рет өтініш берді... – Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер ара­сында экономикалық ынты­мақ­тас­тықты дамытудың перспек­ти­валары қандай? – Ұйым кеңістігінде экономи­ка­лық байланыстарды нығайту ШЫҰ қызметіндегі басым бағыт­тар­дың бірі болып табылады. Осы­ған байланысты Ұйым ая­сын­да экономикалық ынты­мақ­тас­тық жөніндегі арнайы бағдар­лама және осы бағдарламаны жү­зеге асыруға қатысты жоспар бар. Ұйым бүгінде ШЫҰ-ға қатысу­шы мемлекеттердің басқа да елдермен көлік-коммуникация құ­ры­лымдары арасындағы ынты­мақтастықты нығайтуға баса назар аударып келеді. Астана саммитінде осы мәселелер де қоз­ғалады деген ойдамын. Қазіргі кезде аталған бағдарламаны жү­зеге асыру жұмыстарымен 20-дан астам жұмыс тобы айналысып жатыр. Жалпы, ШЫҰ аясында оған мүше мемлекеттер арасында сау­да-экономикалық қатынастарды дамытуды көздейтін ірі жобалар да баршылық. Бүгінде олар сараптаудан, жан-жақты зерттеуден өткізілу үстінде. Оларды қаржы­ландыру мәселелері қарастыры­лу­да. Себебі, экономикалық сала­лардағы ынтымақтастықтың жо­ғары деңгейде болуы, Ұйым кеңістігіндегі тұрақтылық­тың ға­на емес, әлемдегі барлық елдер­дің тұрақтылығы үшін де негіз болатыны түсінікті. ШЫҰ ая­сында нақ осы мәселені тал­қы­лау белсенді жүріп жатыр. Осы­ған бай­ланысты қазіргі уақытта Ұйым­ның арнайы есеп-шотын құ­ру мәселесі қарастырылуда. Ар­найы есеп-шот ШЫҰ кеңіс­ті­гінде жүзеге асырылатын эконо­мика­лық нақты жобаларды қар­жы­лан­дырады. – Мұратбек Сансызбайұлы, «ШЫҰ даму банкін» құру ту­ралы ұсыныс айтылған еді... – Мұндай ұсыныс бар. Ұйым аясында «ШЫҰ даму банкін» құру туралы мәселені Қытай та­ра­бы көтерген болатын. Оны орын­ды ұсыныс деп баға­лауы­мызға болады. Бұл, тағы басқа да ұсыныстар мен жобалардың бар­лы­ғы Ұйымға мүше мемлекет­тердің экономикасын дамытуды көз­дейді. Ал экономикасы орнық­ты елде тұрақтылық болатынын әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр. – Өткен жылы Ұйым ке­ңістігінде қатысушы мем­ле­кет­тер­дің Энергетикалық клубын құру туралы идея көтерілген болатын. Оның жайы қалай болып жатыр? – Бүгінде энергетикалық проб­лема тек Шанхай ынты­мақтастық ұйымының ғана емес, көптеген халықаралық ұйым­дар­дың да күн тәртібіндегі аса ма­ңызды мәселелердің бірі болып отыр. Қазіргі кезде ШЫҰ ая­сында Ұйымға мүше елдердің арасында энергетикалық ынты­мақ­тастықты нығайтуға ықпал ететін Энергетикалық клуб құру идеясы талқылану үстінде. Нақты айтқанда, оның жұ­мыс­тарының қағидаттары қарас­ты­рылып жатыр. Білетін болар­сыз­дар, Ұйымға мүше мемлекеттер екі топқа – энергети­ка­лық ресурстарды жеткізуші жә­не энергетикалық ресурстарды тұтынушы болып бөлінеді. Ал Энергетикалық клубтың міндеті – осы екі топтың мүдделерін қанағаттандыру. Энергетикалық клубтың қа­ғи­даттарын дайындау үшін ШЫҰ-ға қатысушы елдер арасында қолданыстағы сауда-экономи­ка­лық ынтымақтастық жөніндегі бекітілген екіжақты және үш­жақ­ты келісімдердің элемент­тері пай­даланылып жатыр. Энер­гети­калық тапшылықты бә­сең­детуде Түркіменстан – Қытай газ құ­быры жобасының да орны бөлек болғалы отыр. Өйткені, бұл газ құбыры Ұйымға қаты­сушы ел­дер­дің аумақтары ар­қы­лы өтеді. Ұйым, сондай-ақ Қа­зақ­станнан Қытайға және Ресейден Қытайға тартылатын құ­бырды ерекше маңызды деп біледі. Сондықтан да ШЫҰ атал­ған жобаларды ба­сым жобалар ретінде қарас­ты­рып отыр. Со­ны­мен бірге, ШЫҰ Түркі­мен­стан – Ауған­стан – Пәкстан – Үндістан газ құбыры жобасы Ұйымға мүше елдер аумақтары арқылы өтпесе де, оған қолдау білдіреді. Себебі, атал­ған жоба оған қатысатын елдер үшін, әсіресе Ауған­стан­ды экономи­ка­лық жағынан реттеу үшін ма­ңызды болмақ. – ШЫҰ есірткі трафигіне және террорлық әрекеттерге қарсы күресте нендей шара­ларды жүзеге асырып келеді? – Есірткі айналымына қатыс­ты қылмыстар біздің елдердің тұрақты дамуына қауіп-қатер туғызатын, тұрақтылыққа кері әсер ететін үлкен проблема. Сон­дықтан ШЫҰ Ұйым кеңіс­тігінде есірткі заттары мен олар­­дың прекурсорларының заңсыз айна­лымына қарсы күресті ба­рынша өрістетуге ба­са назар аударып келеді. Осы­ған байла­нысты 2004 жылдың 17 маусы­мында Есірткі құрал­дары­ның, психо­троп­тық зат­тардың және олар­дың пре­кур­сор­лары­ның заңсыз ай­на­лы­мы­мен кү­рес­тегі ын­тымақтастық ту­ралы келісімге қол қойылған еді. Бұл құ­­жатта Ұйымға мү­ше алты мемлекеттің есір­т­кіге қар­сы кү­рестегі стратегиясы ай­қын­далған. Сон­дай-ақ қатысу­шы ел­дердің тиісті орган­дары арасындағы бір­лесе әрекет ету жағы қарас­ты­рылған және бір­қатар сарапшы­лық жұмыс топ­тарын құру қа­жеттігі көрсе­тіл­ген. Бүгінде са­рапшылық топтар сол бағыт­тар­да жұмыс істеп жатыр. ШЫҰ-ның Астана саммитінде есірткіге қарсы күрес жұ­мыс­тарын белсенді жүргізу жөнінде мәселе қозғалады деп отырмыз. Соған қатысты қосымша ұсы­ныс­тар дайындалуда. Негізінен ол ШЫҰ-ға мүше мемлекет­тердің 2011-2016 жылдарға ар­налған антитеррорлық страте­гия­сының жобасына және оны жүзеге асыру бағдарламасына байланысты бол­мақ. Сонымен қатар, қазіргі кезде ШЫҰ-ның Өңірлік антитеррор­лық құры­лы­мы да есірткі трафигіне, тер­рорлық әрекеттерге қар­сы кү­ресте ойдағыдай іс-қимыл жасап келеді. – Әңгімеңізге рахмет. Әңгімелескен Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ.