Үкімет • 20 Қаңтар, 2017

Сағынтаев ҚР-дағы Нидерланды Корольдігінің елшісімен кездесті

5443 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Қазақстан Республикасындағы Нидерланды Корольдігінің Төтенше және өкілетті елшісі Дирк Ян Коппен кездесті, деп хабарлайды primeminister.kz.

Сағынтаев ҚР-дағы Нидерланды Корольдігінің елшісімен кездесті
Кездесу барысында Қазақстан мен Нидерланды арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен перспективалық бағыттары талқыланды.  «Біз Қазақстанның индустриалды-инновациялық және инфрақұрылымдық даму бағдарламаларына Сіздің елдің жетекші компанияларының қатысуына ниет білдіреміз. Голландтық өнеркәсіп технологиялары, алдыңғы қатарлы ноу-хау мен инновациялар ерекше қызығушылық танытады», — деді Бақытжан Сағынтаев.