07 Сәуір, 2011

Музыка тойы

490 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін
Алматыда Құр­ман­ғазы атын­­дағы академиялық ұлт-аспаптар оркес­трі­нің за­лын­да Композиторлар ода­­­­ғының төр­­айымы Бал­нұр Қы­дырбек пен А­р­тық Тоқсанбаевтың ел тә­уел­сіз­дігінің жи­ырма жыл­ды­ғы­на арналған шығар­ма­шы­лық ке­­ші үл­кен табыспен өт­ті. Қа­зақстанның ха­лық әр­тісі Гау­һар Мырзабекова жетекшілік ететін Қазақстан ка­мератасы мемлекеттік ка­ме­ралық ан­сам­блінің сү­йе­­мел­деуімен өт­кен кон­церт­те негізінен еге­мен­дік ал­ған жыл­да­ры жа­зыл­ған шығар­ма­лар орын­далды. Кештің беташары композитор А.Тоқсанбаевтың камералық оркестрге арналған «Қазақстан» күйімен ашы­лып, ішекті аспап­тың майда қоңыр әуе­зі тың­даушысын бірден елітіп әкет­ті. Оның үстіне атағы шетелге таны­мал, негізінен еуропалық клас­си­калық дүниелер орындап, олар­дың қыр-сы­рын кәсіби деңгейде меңгерген ұжым­ның жоғары орындаушылық шеберлігі де шығарманы байыта өз тың­дау­шы­сы­на жеткізіп отыр­ды. Бұл – кон­церт­тің өн бойын­да орын­далған барлық шы­­ғар­маларға қатысты десек бол­ған­дай. Бір ескерерлігі, кеште екі авторға да ортақ дүние – орын­далған шы­ғармалар Отан, ел, жер тақырыбына арналды. Оған А.Тоқсанбаевтың «Сергек», «Дала нақыштары», «Елім менің» атты кесек еңбектері, «Бозторғай», «Қар­­лығашым келдің бе?» әндері дә­лел бола алады. Концерттің екінші бөлімі Балнұр Қы­дырбектің екпіні басым, тың­дау­шы­сын желпінтіп отыратын «Ақтау са­рынымен» ашылды. Қазақстан бойын­ша 94-інші авторлық кешін өткізген композитордың бүгінгі есебінің ерекшелігі – бұл кон­церттің тәуелсіздік то­йына арналғандығы. – «Ақтау сарыны» 1984 жылы жа­зыл­ғанмен, – деді Балнұр Бал­ға­бек­қы­зы, – тәуелсіздікті аңсаған кез еді. Бірде Маңғыстауға концертпен бар­ға­ным­да, жергілікті тұрғындардан: «Шевченко қаласы­ның тарихи атауы бар ма?» деп сұрадым. Бірі білсе, бірі білмеді. Сосын біреуі «Ақтау ғой» деді. «Қайран Ақтау, сенің атың ең болмаса шығармамда айтылсын» деп осы дү­ние­ні жазған едім. Кейін өз атын қай­та­рып алғанда, бәрі өз орнына келгендей. Сондай-ақ автордың шығарма ат­та­рынан белгілі болғандай, «Ғасыр­лар үн­десуі», скрипка мен күй­сандыққа ар­налған «Өрлеу» пьеса­лары қазақ елінің бо­ла­шағына сенімділік ұя­латқандай кө­ріністі көз алдыңызға әкеледі. Әсіресе, автор­дың Мұ­рат Өскенбаевтың күйі тақырыбына жазылған «Өрен» шы­ғармасының премьерасы биік дең­гейде орындалып, күй­дің құді­ре­тін ішекті ас­паптың мүм­кіндігін пай­­далана оты­рып, әде­мі бере алған. Ақын Т.Мол­да­ғалиев­тың сөздеріне жазылған «Сен­бейсің», «Алматы туралы гимн», халық жауы ретінде атылып кеткен айтыскер ақын Бейсебай Қара­таев­тың «Қош аман бо­лына», «Қал­қа­ман-Ма­мыр» операсынан Мамыр­дың ариясына да өнер­сүйер қауым ықы­лас­пен қол соқты. Ал «Той көбейсін» әнінің өз та­рихы бар көрінеді. 1993-1994 жылдары ата-баба­лардың атын жаң­ғыр­тып, ас-той беріле бас­тағанда бір әріптесінің «аштан өлейік деп жат­қанда қазақтардың тойы бітпеді-ау» деген сөзіне ашу­ланып келе жатқанда алдынан шыққан көрнекті ақынымыз Сағи Жиенбаевқа: «Аға, қазақтың то­йы бітпесін, дарқан даласында тек қуаныш болсын» деген мәтін жазып беруін өтінген екен. Бұл тақырып та ақын көңілінен шыққан болуы керек, көп кешікпей сөз де дайын болады. Бүгінде қазақстандық компо­зи­тор­лар­дың еңбектерін дәріптеуге бет бұ­рып, бастама көтерген ұжым жетекшісі Г.Мырзабекова мәде­ниет пен өнер де елдің айнасы екенін, қазір қазақ тілін үйрену керек деп жатырмыз, ме­ніңше, қазақтың музыкасы да – тіл, соған музы­кант­тар да атсалысып, қа­зақ өне­рін көрсетуіміз керек дей келе: «Бүгінгі екі автор да талантты композиторлар. А.Тоқсанбаевтың шы­ғар­­ма­ла­рында ойнақылық, әзіл бар, көңілді, тіпті кейбірінде джаз жанрының эле­мент­тері байқа­лады. Ал Балнұр музы­касы күр­делігімен ерекшеленеді. Ол тұтас бір дүниеге бірнеше образдарды кіріктіреді, ең бастысы әуездері ұлт­тық сарынға жақын», – деді. Концертте халықаралық бай­қау­дың жүлдегерлері Болат Жомартов, Алфия Каримова (Ресей), Қуат Бағысбек, Тахауи Рахметов, Рақым Тоқсанбаев (флей­та) қос автордың шығар­маларын асқан шеберлікпен орындады. Кеш соңында белгілі композитор Дүнгенбай Ботбаев екі автордың му­зыка тойы өткенін, сазгерлік салада аға буын бас­таған эстафетаны жал­ғас­тырған ұрпақтың барына қуанғанын айта келіп, оларға шығармашылық ша­быт тіледі. Кешті Қазақстанның еңбек сіңірген қай­раткері Балдырған Байқадамова жүргізіп, музыка зерттеуші ретінде әр шығар­маның тарихына тоқтала келе, өз ой-пікірін де білдіріп отыр­ды. Гүлзейнеп СӘДІРҚЫЗЫ,  Суреттерді түсірген  Берсінбек СӘРСЕНОВ.