14 Ақпан, 2017

АҚШ-тағы мұнай өндірісінің артуы теңгенің бағамына кері әсер етті

375 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Бүгін, 2017 жылдың 14 ақпанында, KASE-нің таңғы сессиясында доллардың теңгеге шаққандағы бағамы 322,55-ке тең болды. Кешегі таңғы сессияда бір АҚШ доллары 321,66 теңге болған еді. KASE мәліметінше, таңғы сессияда минималды бағам 322 теңге болса, максималды көрсеткіш 322,83-ке теңесті. Ал бүгін Астана уақытымен таңғы сағат 09:00-де мұнай бағасы 55,83 долларға тең болды. ОПЕК елдерінің мұнай өндірісін азайту туралы келісімнің жоспарға сай орындалып жатқанына қарамастан шикізаттың арзандауына АҚШ-тағы мұнай өндірісінің көбеюі себеп. ОПЕК келісіміне қосылмайтын АҚШ-тың бұрғылау құрылғыларының саны, өткен аптадағы мәлімет бойынша, 2015 жылдың қарашасынан бергі рекордтық деңгейге көбейген.