Қазақстанның күллі түркі елдеріне ортақ мəдениетке иелік етіп қана қоймай, оны ілгері дамытып отырғанына өте қуанамын. Қазақ елі төл ұлтының салт-дəстүрімен, тұрмыс-тіршілігімен бірге бəрімізге ортақ көшпенділер мəдениетінің зерттелуіне де үлкен үлес қосып келеді. Бүгінде тəуелсіз ел болған Қазақстан мен Венгрия мемлекеттері бүкіл
əлемге өздерінің тарихи тамыры мен ата-бабаларының бір екенін дəлелдеуде. Бұл – біздің екі елдің ұлттық мақтанышы деуге болады.
Осы тұрғыдан Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың елді Үшінші жаңғыру жолын мақсат тұтқан биылғы Жолдауы аясында атқарар ортақ жұмыстарымыз өте ауқымды. Өйткені, «Ұлы Дала елі» деп танитын қазақ даласы – біздің ортақ Отанымыз, түп атамекеніміз. Бұл кең ұғымды Қазақстанның қайта жаңғыртып отырғанына
қуа ныштымын. Неліктен Ұлы Дала елі? Себебі, қазақ жері – ұлы көш пенділер өркениетінің ошағы. Оны неге өркениет дейміз? Өйткені, біздің ата-бабаларымыз жердің табиғатын танып, дұрыс игере білді, оны жанын салып қорғады жəне жақсы қару-жарақ жасай алды. Қарапайым тіршілік барысында сапалы киіз шығарды. Бұл – сол заманға сай озық техно-
логия еді. Яғни Ұлы Даланы ме-кендеген халықтардың өндірген өнімдерінен өз уақытына тəн ұлы мəдениеті болғанын анық көреміз. Көшпенділер басқа халықтардың өмірінде де үлкен рөл атқарды. Оларда үздік əскер болды. Қолындағы қару-жарақ оларды заманға сай мəдениет құруға жетеледі. Стратегиясының да өзіндік ерекшеліктері, қайталанбас үлгісі қалыптасты. Сондай-ақ, көшпенділердің жылқыны алғаш қолға үйретуі де Ұлы Даладағы жаңа мəдениеттің тууына, дамуына жол ашты. Бұл – көшпенділердің кешенді тұрмыс-
тіршілігін қамтамасыз еткен жоғары мəдениет көріністерінің бір парасы.
Қазақстан əлі де Алтайдан Орталық Еуропаға дейінгі Ұлы Даланы жаңғыртуға алтын арқау болып келеді. Бұл əлемдегі ең ірі жағрафиялық кеңістіктердің бірі.
Сондықтан келешекте мәдениеттен бөлек экономика мен ауыл шаруашылығында да үлкен маңызға ие болатын аймақтардың бірі деп есептеймін. Елбасының Жолдауы
осы ұлы мақсатқа жетелейтін мемлекеттік бағдар.
Біз Қазақстан Республикасымен ғылыми, оның ішінде антропология салаларындағы байланысты одан әрі бекіте түсуді қалаймыз. Мажарстандық ғалымдар қазақстандық
әріптестерімен тығыз қарым-қатынас орнатқысы келеді. Биыл Венгрияда ауқымды ғылыми конференция, Қазақстанда «Ұлы Дала рухы» атты шаралар өткізетін боламыз. Көне ғұн,
мадияр жауынгерлері мен олардың бағзыдағы қарулары, дулыға, сауыт-сайман мен кернейлерін көрсетпекпіз. Осы және басқа да бағдарламалармен Астанада өтетін ЭКСПО көрмесіне де қатысуды жоспарлап отырмыз. Одан соң Торғай өңіріне барып, ондағы жергілікті халықпен кездеспекпіз. Онда біздің мадиярларға жақын қыпшақ бауырлар тұрады. Осыдан он жыл бұрын 2007 жылдың жетінші айының жетінші жұлдызында қазақ-мадияр құрылтайын ұйымдастырған едік. Биыл осы құрылтайды қайта жаңғыртуды көздеп отырмыз.
Андраш БИРО,
Венгр-Тұран қорының төрағасы, антрополог, тарихшы,
арнайы "Егемен Қазақстан" үшін