15 Ақпан, 2017

Астана қаласының жаңа прокуроры тағайындалды

464 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстан Республикасы Президентінің келісімімен Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Жақып Асановтың 2017 жылдың 14 ақпанындағы бұйрығы негізінде Болат Бекназарұлы Дембаев Астана қаласының прокуроры қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды ҚР Бас прокуроратурасының баспасөз қызметі. Болат Бекназарұлы бұған дейін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Қылмыстық істер бойынша мемлекет мүддесіне өкілдік ету және сот актілерінің заңдылығын қадағалау департаментінің басшысы болып қызмет істеген. Қазақстан Республикасы Президентінің келісімімен Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Жақып Асановтың 2017 жылдың 14 ақпанындағы басқа бұйрығы негізінде Сабыржан Мәдиұлы Бекбосынов құқық қорғау қызметінде болудың шекті жасына жетуіне байланысты қызметінен босатылды.