15 Ақпан, 2017

Cырт көз – сыншы

347 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет беделін көтеретін шешім

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың билік тармақ­тары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу жөніндегі шешімі Қазақстанды алдыңғы қатарлы елге айналдырады. Елдің тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген табыстары, даму деңгейі ескеріле отырып жасалған бұл қадам Қазақстанның эволюциялық жолмен өркендеуін қамтамасыз етеді. Атқарушы органдардың құқығы мен мүм­кіндіктерінің арттырылуы елдің орнықты дамуын нығайтады. Президент Н.Назарбаевтың билік өкі­леттіктерін қайта бөлу бағытындағы бастамасы негізінде болатын өзгерістер Қазақстанның Батыс Еуропа және Солтүстік Америка елдерімен екіжақ­ты қарым-қатынастарын жандандыра түседі. Бұл өз кезегінде Қазақстанға қаржылық қатынас­тар мен елдің ұлттық қауіпсіздік саласы бойынша көп пайда әкеледі. Қорыта айтқанда, аталған мәселеге орай күтіліп отырған өзгерістер Қазақстанның әлемдік аренадағы беделін өсіріп, Орталық Азия аймағындағы өзіндік маңызды орнын одан әрі нығайтады. Гленн СЕЛИГ, Selig Multimedia, Inc. компаниясының президенті (АҚШ)

Дамудың эволюциялық қадамы

Менің ойымша, Президент Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған конституциялық реформа­лар Президент, Парламент және Үкімет арасындағы өкі­лет­тіктерді оңтай­лы шешуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, Парламенттің атқарушы биліктің қызметін бақылауы күшейеді. Осы реформалар Қазақстандағы саяси жүйенің тұрақтылығы мен орнықтылығын арттыра түсуге жағдай жасайды, мұның өзі мемлекеттік эконо­миканың дамуы мен жалпы қоғамның жағдайын жақсартуға оң ықпал ететін болады. Қазақстан – өзіне тән даму жолымен келе жатқан мемлекет, ал мына конституциялық реформа – елдің саяси жүйесінің дамуындағы эволюциялық жаңа қадамдар. Константин (Йоэль) РАЗВОЗОВ, Израиль Кнессетінің (Парламент) депутаты
Соңғы жаңалықтар