Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы ел халқына Жолдауы экономикалық маңызды мәселелерді – логистика мен құрылыстан бастап білім беру және денсаулық сақтау салаларын түгел қамтып отыр. Онда басты назар Қазақстан экономикасының технологиялық жаңғыртылуына аударылған. Бұл, қазіргі әлемдік экономикадағы жағдайды саралай келгенде, өте дұрыс бағыт болып табылады.
Менің ойымша, Жолдаудың маңыздылығы шағын экономикалық мәселелермен қатар, халық арасындағы кәсіпкерлікті жаппай қолдау мен кәсіпкерлік ортаны дамытуға жоғары көңіл бөлінуінде болып отыр. Бұл өз кезегінде шағын және орта кәсіпкерліктің дамуына даңғыл жол ашып, соның арқасында Қазақстан азаматтарының әл-ауқатын арттыра түсуіне мүмкіндік туғызады.
Қазақстан Президенті – көреген Көшбасшы болып табылады. Сондықтан мен ел Тәуелсіздігінің 25 жылында жеткен жетістіктеріне сай Қазақстан басшысының еңбегін айрықша атай отырып, елдің одан әрі жаңа жетістіктерге жете беретініне толық сенімдімін.
Николай Гордына,
Украина Сауда-өнеркәсіп палатасы департаментінің директоры
* * *
Грекия әрқашанда Қазақстанмен достық қарым-қатынаста болуға баса назар аударып келеді. Екі елді Қазақстанда тұрып жатқан грек диаспорасы мен бүгінде тарихи отанына оралған бұрынғы қазақстандық гректер тығыз байланыстыруда. Біз Қазақстанның қол жеткізген табыстарына, экономикалық дамуына, саяси жүйесінің орнықтылығына және ондағы тұрақтылыққа қарап шын ниетімізбен қуанамыз.
Біздер, Қазақстанның грекиялық достары Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауы елдің экономикалық дамуына сөзсіз тың серпін беретініне күмәнданбайды.
Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялағаннан бергі аралықта белгілеген басым бағыттарын, алға қойған мақсат-міндеттерін абыроймен жүзеге асыра білді. Біз барша қазақстандықтарға табыс пен өсіп-өркендеу тілейміз.
Федор ИГНАТИАДИС,
«Афинский курьер» газетінің бас редакторы (Грекия)