Негізгі өсімді тіркелген интернет (143,8 млрд теңге) пен мобильді байланыс (135,5 млрд теңге) қамтамасыз етті. Мобильді сегменттің 2,4 есеге өсуі ішінара мобильді интернетті есептеудің жаңа әдістемесіне байланысты.
Цифрлық сервистердің дамуы аясында пошта және курьерлік қызметтер көлемі қысқарып, 21,3 млрд теңгені құрады.
«Қазақтелеком» қаңтар айындағы төлемнің неге жоғары болатынын түсіндірді
Елде 27,3 млн ұялы байланыс абоненті тіркелген (100 адамға шаққанда – 133), ал мобильді интернет қолданушыларының саны 17,8 млн-ға жетті. Сонымен қатар, дәстүрлі стационарлық телефон желілерінің саны азайып, 2,1 млн-ға дейін төмендеді.