Фото: https://t.me/bort_01
Мемлекет басшысы осыдан бір жыл бұрын Ақалтеке тұқымдас қылаң боз тайға Ақжан деген ат берген болатын. Бүгінде шоқтығы биік, қаз мойын, денесі сылыңғыр бұл жануар өзінің ерекше болмыс-бітімімен көз тартады.
Сондай-ақ Президент атқораға жаңадан қосылған құла түстес құлынға Ақниет деп ат қойды. Атбегілер мен мамандар бұл тұлпардың болашағынан зор үміт күтіп, халықаралық жарыстарда топ жаратынын айтады.
Атқорада Қатар елінен сыйға келген асыл тұқымды арабы арғымақтар да бар.
Қасым-Жомарт Тоқаев бос уақытында атқораға келіп, жылқыларға өз қолымен жем беріп тұрады.