Ересектер арасында алматылық Дарын Қонысбаев екінші болып келіп, күміс жүлдегер атанды. Ал жасөспірімдер арасында Астана мен Шымкент спортшылары үздік шықты:
- Рамазан Айнегов (Астана) – алтын;
- Алуа Нұрмұхамбет (Астана) – алтын;
- Калерия Шнейдер (Шымкент) – күміс.
Жарыстың ең маңызды сәті – Рамазан Айнеговтың Дакарда өтетін 2026 жылғы Жасөспірімдер Олимпиада ойындарына жолдама иеленуі болды.
Еске сала кетейік, Қазақстан құрамасы триатлоннан Гонконгта өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алған еді.