Әлем • Бүгін, 17:02

Филиппинде Майон жанартауы атқылады: 5 000-нан астам адам эвакуацияланды

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Филиппинде Майон жанартауы атқылай бастады. Мыңдаған адам қауіпсіз жерге көшірілді. Филиппиннің Вулканология және сейсмология институты қауіп деңгейін 5 балдық шкала бойынша 3-деңгей деп жариялады. Мамандар жанартаудың атқылауы жалғасуы мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Филиппинде Майон жанартауы атқылады: 5 000-нан астам адам эвакуацияланды

Фото: Ашық дереккөз

Қазіргі таңда эвакуациялық орталықтарда 1 500 отбасы, яғни 5 000-нан астам адам орналастырылған. Әлеуметтік қорғау департаменті 8 шақырым радиуста тұратын тұрғындарды барынша сақ болуға шақырды.

Табиғи апат Албай провинциясы аумағындағы 52 елді мекенге әсер еткен. Камалиг, Гинобатан, Дарага және Лигао аймақтарында қатты жауын-шашын тіркелді.

Қызыл Крест еріктілерді көмекке жіберді. Билік тұрғындарға жүздеген қорап респиратор жеткізген. Мамандар тұрғындарға терезе мен есікті жауып, сыртта маска тағуға кеңес берді.

Майон жанартауының биіктігі – шамамен 4 200 метр. Соңғы 400 жылда ол 50-ден астам рет атқылаған. Ең жойқын апат 1814 жылы болып, 1 200 адам қаза тапқан.

Соңғы жаңалықтар