Фото: ЖИ көмегімен жасалған
Қазіргі уақытта құрылыс алаңында алғашқы тіреуішті құю жұмыстары аяқталды. Сонымен қатар елорданың бетон зауытында эстакадалық бөлікке арналған алғашқы темірбетон арқалық (балка) дайындалып шықты.
Қосшы бағыты бойынша барлығы 300-ден астам тіреуіш тұрғызылады. 538 құрама темірбетон арқалық монтаждалады. 8 монолитті арқалық орнату жоспарланған.
Мамандардың айтуынша, бұл жобаның жүзеге асырылуы елорданың көлік инфрақұрылымын жаңа деңгейге көтеріп, қала мен іргелес жатқан Қосшы серіктес қаласы арасындағы қатынасты едәуір жеңілдетпек.
Еске сала кетейік, Астанада LRT желісінің жылжымалы құрамы мен негізгі жүйелерін тестілік сынақтан өткізу жұмысы толық көлемде аяқталды.