15 Ақпан, 2017

Университеттің даму перспективалары талқыланды

358 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Премьер-Министрдің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мыр­захметов С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде болды, – деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі. Қазақстан халқына Жолдауында Мем­лекет басшысы Ауыл шаруашылығы министр­лігінің алдына өндіріс сұранысына қажетті аграрлық ғылыми зерттеулерге инвестиция тарту көлемін арттыруды тапсырған болатын. А.Мырзахметов оқу орнының про­фес­сорлық-оқытушылық құрамы және студенттерімен кездесіп, Қазақстанда аграрлық ғылымның даму перспективаларын талқылады. Сондай-ақ, Премьер-Министрдің орын­басары Қазақстан-Беларусь инженер мамандарды қайта дайындау орта­лығының трактор павильонында, Қа­зақстан-Германия дәл егіншілік орта­лы­ғында, жем дайындауды механикаландыру және агроинженерия, астық жинайтын комбайндар зертханасында және де ет пен сүт өңдейтін оқу-тәжірибелік цехында болды. А.Мырзахметов көп тілді оқыту тобы­ның сабағына кіріп, Қазақстан-Бела­русь орталығы жобасы бойынша Бела­русь мемлекеттік агротехникалық универ­ситетінде оқып жатқан студенттермен онлайн режімде сұхбаттасу сәтіне куә болды.