15 Ақпан, 2017

ҚР Үкіметінің қаулысы

383 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2017 жылғы 10 ақпан №48

Астана, Үкімет Үйі

Лотерея операторын және оған лотерея өткізу құқығын беру мерзімін айқындау туралы «Лотерея және лотерея қызметі туралы» 2016 жылғы 9 сәуірдегі Қазақстан Рес­пуб­ликасы Заңының 6-бабы 3) тармақшасына сәй­кес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. «Сәтті Жұлдыз» акционерлік қоғамына 15 жыл мерзімге лотерея өткізу құқығын бере оты­­рып, ол лотерея операторы болып айқын­далсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б.САҒЫНТАЕВ