«Егемен Қазақстан» газетінің 2017 жылғы қаңтар айының 30-ыншы жұлдызындағы санында журналист Раушан Нұғманбекованың «Қалжыраған» қазандық, қалтыраған халық» атты мақаласы шыққан еді. Мақалада бас мердігер «Данияр и СЕК» ЖШС-нің жауапсыздығынан «35-інші квартал» және «Зооветинститут» қазандықтарындағы кешіктірілген бірқатар жылу мәселесі туралы айтылған болатын. Қазіргі уақытта бұл қазандықтар толық жұмыс істеп тұр. Халық жылумен тұрақты қамтылған. Әрбір айтылған сын-ескертпе, көтерілген мәселе қала әкімі Ермак Сәлімовтің тікелей назарында. Мақалада айтылған қазандықтар Ертістің оң жағалауында орналасқан. Сол сияқты, сол жағалаудағы «Цементшілер кентін» де жылумен қамтамасыз ету мәселесі біраз уақыт бойы халықты мазалап келді. Аталған ауданға «РК-1» қазандығы қызмет көрсетеді. Алғашқы аяздар басталған кезде осы «РК-1»-дегі №1, 2 және № 3 қазандықтар жылу берген болатын. Дегенмен, тұрғындарға аталған жылу орталығының қажетті жылу мөлшері жетпегендіктен, қосымша жаңадан салынған №6 және №7 қазандықтар да көмек ретінде іске қосылды. Бүгінде «РК-1»-де 5 қазандық үзіліссіз әрі өте жақсы жұмыс істеп тұр деп халықты ел газеті «Егемен Қазақстан» арқылы қуантқымыз келеді. Және тағы бір қазандық қосалқы ретінде қосымша сақталуда. Қажет болып жатса ол да іске қосылады. «Цементшілер кентін» жылу энергиясымен қамтамасыз етуде қазір ешқандай қорқыныш, бөгет жоқ. Бірақ, тағы бір мәрте ескере кетер жайт, жекелеген пәтерлердегі құбырларды ретке келтіріп, үйдің ішіндегі жылу жүйесін, жылу құбырларын қалыпты жағдайда ұстау ПИК немесе өзін-өзі басқару ұйымдары органдарының тікелей міндеті. Сондай-ақ, 2016 жылдың қараша айының 24-ші жұлдызынан бастап, Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов «Facebook» әлеуметтік желісінде өз парақшасын ресми түрде ашты. Бүгінгі күні аталған желіге 245 азамат ұсыныс-пікірлері мен өтініш-тілектерін жолдап үлгерген. Соның ішінде түнгі көше жарығына да қатысты бірқатар мәселелер айтылыпты. Семейдің электр энергиясы, жарық проблемалары «Егемен Қазақстан» газетінде де көтерілген болатын. Соған орай жауабымыз, бүгінгі күні Семей қаласында қалалық ТҮКШ бөлімі қызмет көрсететін 7 мыңнан астам жарық көздері жұмыс істеп тұр. Бекітілген кестеге сәйкес, бұрын түнгі жарық беру қараңғы түскеннен түнгі 01.00-ге дейін, сосын таңғы 07.00-ден күн шыққанша берілетін. 28 қарашадан бастап, азаматтардың көптеген ұсыныстарына орай, Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов шаһар көшелерін түнгі уақытта тұрақты жарықпен қамтамасыз етуді ұйғарды. Бұл шара 2017 жылдың бірінші тоқсаны бойына жалғасын таппақ. Енді, аталған шешімге сәйкес, көше жарығы сағат кешкі 17.00-ден таңғы 07.00-ге дейін үзіліссіз беріледі. Бір сөзбен айтқанда, Семейдің жылуы бұл күндері тұрақты, жарығы қалыпты. Халықтың әлеуметтік жағдайына алаңдаушылық танытқан «Егемен Қазақстан» газетінің ұжымына рахметімізді айтып, ел игілігіне орай бірігіп еңбек ете берейік дегіміз келеді.
Нұржан ЕСЕНЖОЛОВ,
Семей қаласы әкімінің баспасөз хатшысы
СЕМЕЙ
• 15 Ақпан, 2017
Халыққа жылу беру тұрақты, көше жарығы сөндірілмейді

Аида Балаева мәдениет және ақпарат салаларын жаңғыртудың басым бағыттарын белгіледі
Қоғам • Бүгін, 20:42
Шымкент қаласының тұрғындары Әділетті Қазақстан бағытына қолдау білдірді
Ата заң • Бүгін, 20:34
Қоғам • Бүгін, 20:27
Отандық көліктердің бағасы төмендей ме?
Қоғам • Бүгін, 19:46
Маңғыстауда алғашқы инновациялық логопедия және цифрлық білім кабинеттері ашылды
Аймақтар • Бүгін, 19:10
Қазақстан халқы наурыз айында қанша күн демалады?
Қазақстан • Бүгін, 18:49
Рамазанға орай Лондон көшелері безендірілді
Әлем • Бүгін, 18:22
Конституциялық реформаның тарихи мәніне талдау жасалды
Ата заң • Бүгін, 18:12
Президент бірқатар заңға қол қойды
Президент • Бүгін, 18:08
Елімізге Азиядан келетін инвестиция көлемі 68 млрд долларға жетті
Экономика • Бүгін, 17:58
Өңірлерде инфляция баяулағанымен, азық-түлікке жатпайтын тауарлар қымбаттай түсті
Экономика • Бүгін, 17:42
Онлайн-курстар сататын блогерлерге сертификаттау талабы қойылуы мүмкін
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 17:21
Алматыда жер сілкінісінен кейін арнайы учаскелер тексерілді
Аймақтар • Бүгін, 17:12
Атырауда төрт мыңнан астам адам көлік салығын төлемеген
Аймақтар • Бүгін, 16:58