15 Ақпан, 2017

Ақмола облысы әкімінің орынбасарлары тағайындалды

588 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Ақмола облысы әкімінің орынбасарлары мен бірінші орынбасары тағайындалды, деп хабарлады ҚазАқпарат. ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі негізінде облыс әкімі Сергей Кулагиннің өкімімен Ақмола облысы әкімінің бірінші орынбасары болып Дәурен Зекенұлы Әділбеков тағайындалды. Сондай-ақ Егор Яковлевич Каппель мен Жанболат Амангелдіұлы Смайылов әкімнің орынбасарлары болды. Д.З. Әділбеков 1956 жылы туған, білімі жоғары. Инженер- электр механигі мамандығы бойынша Новосібір электртехникалық институтын, жоғары дәрежелі менеджер мамандығы бойынша Халық шаруашылық академиясын (Мәскеу қ.) аяқтады. Экономика ғылымдарының докторы, профессор. Әр жылдары Көкшетау облысы әкімінің орынбасары, Солтүстік Қазақстан облыстық экономика басқармасының бастығы,      Көкшетау қаласының әкімі лауазымдарын атқарды. 2008 жылғы қазаннан бастап Ақмола облысы әкімінің орынбасары болып қызмет жасады. «Құрмет» орденімен және мерекелік медальдармен марапатталған. Е.Я. Каппель 1957 жылы туған, білімі жоғары. Целиноград инженерлік-құрылыс институтын инженер-құрылысшысы мамандығы бойынша бітірді, Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінде экономика ғылымдарының магистрі дәрежесіне ие болды. Еңбек жолын 1980 жылғы қарашада Ақмола облысы, Вишневский ауданы «Вячеславский» кеңшарының техникалық бақылау жөніндегі инженері болып бастады. 1987-1995 жылдары - Ақмола облысы, Вишневский аудандық атқару комитеті төрағасының орынбасары, Ақмола облысы «Анар» кеңшарының директоры. 1995-2004 жылдары Аршалы ауданының, кейін 2007 жылғы тамызға дейін Ерейментау ауданы әкімінің лауазымдарын атқарды. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің IV және V шақырылымдарының депутаты. 2016 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы төрағасының кеңесшісі қызметінде болды. «Құрмет», II дәрежелі «Достық» ордендерімен, «Алтын Барыс» айырықша белгісімен, мерекелік медальдармен марапатталған. Ж.А. Смайылов, 1969 жылы туған, білімі жоғары. Целиноград инженерлік-құрылыс институтын инженер-механик мамандығы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін заңгер мамандығы бойынша аяқтады. Экономика ғылымдарының кандидаты. Еңбек жолын 1991 жылы «Казавтомотосервис» Ақмола облысаралық базасында инженер-экспедитор болып бастады. 1995 - 2004 жылдары - «Акмолатрансагентство», «Бұланды карьері» АҚ президенті. 2004-2005 жылдары - Шортанды ауданының әкімі, 2005-2008 жылдары аралығында Степногорск қаласының әкімі лауазымдарын атқарды. 2008 жылғы мамыр мен қазан аралығында - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы. 2008-2010 жылдары - Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары. 2010-2014 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министрінің лауазымында болды. 2014 жылғы қазаннан - «Қалқаман-Астық» компаниялар тобы директорлар кеңесінің төрағасы.