WBA (Super) және IBO тұжырымдары бойынша жеңіл салмақтағы жаңа әлем чемпионы қазақстандық Жанат Жақиянов (27-1, 18 КО) бүгін, 15 ақпанда Қазақстанға оралды, деп хабарлайды vesti.kz.
Жанатты Петропавлда әйелі мен кішкентай қызы күтіп отыр. Ал боксшыны Астанада жанкүйерлері күтіп алған. Жанкүйерлерінің ыстық ықыласына бөленген ол алдағы екі айда уақытын тек демалысқа бөлетінін айтты. «Әлемдік титулды қорғағаннан оны жеңіп алған оңайырақ шығар. Себебі, мұндай жетістікке әркімнің-ақ бар таласы. Енді мен кем дегенде екі ай демалып, содан кейін командаммен және менеджеріммен бірге алдағы жекпе-жегім жайлы ақылдасамын», – деді Жақиянов.
Бұған дейін Астанада ЭКСПО көрмесінің аясында бокс кеші ұйымдастырылатыны жайлы айтылған болатын. «Бокс кешіне қатысатыным әзірге белгісіз. Қазір келіссөздер жүргізіліп жатқаны рас. Бірақ кесіп ешнәрсе айта алмаймын», – деді боксшы.
Дегенмен, осы уақытта боксшының бапкері Рикки Хаттон келесі қарсыласының аты-жөнін айтып үлгерді. Оның айтуынша, қазақстандық боксшы титулын қорғау үшін Ұлыбританияның боксшысы Джейми Макдоннеллмен (29-2-1, 13 КО) жұдырықтасады. Макдоннелл – осы категорияда WBA тұжырымы бойынша тұрақты чемпионы.
Айта кетейік, 11 ақпанда Жанат Жақиянов АҚШ-тың Толедо қаласында америкалық Роуши Уорренмен жұдырықтасып, 12 раундтың қорытындысы бойынша жеңіске жеткен. Осы жеңісінің арқасында WBA (Super) және IBO тұжырымдары бойынша жаңа әлем чемпионы атанды.
• 15 Ақпан, 2017
Жақиянов ЭКСПО кезінде ұйымдастырылатын бокс кешінде шаршы алаңға шыға ма?

Қазақстан мен Өзбекстан президенттері жасанды интеллект хакатонына барды
Президент • Бүгін, 17:38
Шавкат Мирзиёев Қасым-Жомарт Тоқаевқа бірқатар тарихи құжатты тапсырды
Президент • Бүгін, 17:23
Қазақстан мен Өзбекстан мемлекеттерінің басшылары Бұхарадағы Ахуалдық орталыққа барды
Президент • Бүгін, 17:05
Шымкентте балық шаруашылығын технологиялық жаңғыртудың жаңа бағыттары айқындалды
Аймақтар • Бүгін, 16:55
Мемлекет басшысы мен Өзбекстан Президенті бейресми кездесу өткізді
Президент • Бүгін, 16:03
Қазақстанда негізгі ҰБТ-ға тіркелу басталады
Білім • Бүгін, 15:46
Волейболдан Қазақстан чемпионатының плей-офф матчтары «Барыс Аренада» өтеді
Спорт • Бүгін, 15:43
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев Бахауддин Нақышбанди мемориалдық кешеніне барды
Президент • Бүгін, 14:39
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанға жұмыс сапарымен барды
Президент • Бүгін, 14:22
Ғылым қызметкерлері күні қарсаңында ғылыми онкүндік өз жұмысын қорытты
Ғылым • Бүгін, 13:31
Мемлекет басшысы белгілі ғалымдарды марапаттады
Президент • Бүгін, 12:33
«Ұстаз-блогер» Нұржан Смағұлов жауапкершілікке тартылды
Қоғам • Бүгін, 12:13
Бүгін еліміздің алты қаласында ауа сапасы нашарлайды
Ауа райы • Бүгін, 11:38
Алматыда ғалымдар марапатталды
Ғылым • Бүгін, 11:02
Қалдықты кәсіп көзіне айналдырды: Ауыл тұрғыны ерекше экологиялық жобаны іске асырды
Қоғам • Бүгін, 10:10