15 Ақпан, 2017

Қызылорда облысында өңдеу өнекәсібі серпінді дамуда

448 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Аймақта жергілікті шикізатты өңдейтін, өнімдері әлемдік нарықта сұранысқа ие болатын бірқатар кәсіпорындар салынуда. Бұл жөнінде Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев 15 ақпандағы халықпен есеп беру кездесуінде хабарлады. 2016 жылы екі бірдей цемент зауыттарының құрылысы басталды. Жаңақорған ауданында құрылыс цементі өндірісі және Шиелі ауданында тампонажды цемент өндірісі. Бұл екі жоба бойынша инвестицияның  көлемі 74 млрд теңгені құрайды. Оларды жүзеге асыру шамамен 400 жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Зауыттарды 2018 жылдың басында іске қосу жоспарланған. «Арал қаласында «Аралтұз» акционерлік қоғамымен қуаттылығы 300 тонналық кальцийлендірілген сода зауытының құрылыс жобасын жүзеге асыруға «Қазақстан Даму банкі» арқылы қаржыландыру мәселелері шешілді. Бұл еліміздің барлық қажеттіліктерінің 75 пайыз өтейтін республикадағы бірден бір заманауи кальцийлендірілген сода шығаратын зауыт болмақ. Айтқандай, индустрияландыру Картасы аясында өндіріске испан цехының іске қосылуы нәтижесінде «Аралтұз» бүгінгі таңда өз өнімінің 60 пайызын шет елге экспорттуда. Соңғы екі жылдың өзінде зауыт Ресейдің ас тұзы нарығының 12 пайызын иеленді. Ал, 2016 жылы кәсіпорын ас және техникалық тұз шығаратын екінші цехты іске қосты. Нәтижесінде, құрғақтылығы нөлдік ас тұзын өндіру көлемі жеті есе ұлғайды. Шығарылатын өнімдердің түрі көбейді және қосымша 200-ден астам жұмыс орны құрылуда», – деп мәлімдеді облыс әкімі. Қызылорда қаласының индустрияландыру аймағында үшоксидтік молибден өндірісі бойынша («Тримо» ЖШС) кәсіпорын жұмысын бастайды. Кәсіпорынның өнімдері атом энергетикасы мен  авиациялық-ғарыштық техникада, микро және оптоэлектроникада пайдаланылады. Осы орайда, өнімдерді Жапонияға экспорттау жоспарлануда.
Соңғы жаңалықтар