2017 жылы Қызылорда облысында ұсақ тауар өндірістерін ауыл шаруашылығы кооперативтеріне біріктіріп, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды шағын және орта бизнеске жұмылдыру жоспарлануда. Бұл туралы Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев 15 ақпан күні өткен халыққа есеп беру кездесуінде мәлімдеді.
-Өткен жылы облыста құрылған 133 ауыл шаруашылығы кооперативтері өзінің қатарына 700-ден астам шағын тауар өндіруші өндірісті біріктірді. Үстіміздегі жылы тағы 500 шағын тауар өндірушілерді кооперативтерге біріктіруді жоспарлаудамыз. Бұл аграршылардың мемлекеттік субсидия алуға да, несиелік ресурстар алуға да мүмкіндігін жеңілдетеді,- деп атап өтті аймақ басшысы.
Сондай-ақ, жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған ауыл тұрғындарын жұмысқа орналастыру мәселесіне ерекше көңіл бөлінеді.
Өткен жылы аймақтық «Қызылорда» инвестициялық орталығы Кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, «Микробизнес-Қызылорда» пилоттық жобасын жүзеге асыра бастады. 2016 жылдың өзінде 774 млн теңгеге 124 жоба жүзеге асырылып, 400-ден астам жаңа жұмыс орындары құрылды. Бұл жерде айрықша басымдық жеке қосалқы шаруашылықтардың әлеуетін пайдалану және олардың базасында ет пен сүт бағытындағы ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамыту болып табылады.
-Тағы бір ерекше атап өтер жайт, аймақтық инвестициялық орталық құрылғалы 2 жыл ішінде 1 млрд теңгеден астам қаржыға ауылдық жерлердегі 184 жоба қаржыландырылды. Олардың басым көпшілігі (70 пайызы) - жұмысын алғашқы бастаған кәсіпкерлер. Нәтижесінде, ауылдық жерде 650 жаңа жұмыс орындары құрылды,- деді Қ.Көшербаев.
• 15 Ақпан, 2017
2016 жылы Қызылорда облысында 133 ауыл шаруашылығы кооперативтері ашылды

Маңғыстауда алғашқы инновациялық логопедия және цифрлық білім кабинеттері ашылды
Аймақтар • Бүгін, 19:10
Қазақстан халқы наурыз айында қанша күн демалады?
Қазақстан • Бүгін, 18:49
Рамазанға орай Лондон көшелері безендірілді
Әлем • Бүгін, 18:22
Конституциялық реформаның тарихи мәніне талдау жасалды
Ата заң • Бүгін, 18:12
Президент бірқатар заңға қол қойды
Президент • Бүгін, 18:08
Елімізге Азиядан келетін инвестиция көлемі 68 млрд долларға жетті
Экономика • Бүгін, 17:58
Өңірлерде инфляция баяулағанымен, азық-түлікке жатпайтын тауарлар қымбаттай түсті
Экономика • Бүгін, 17:42
Онлайн-курстар сататын блогерлерге сертификаттау талабы қойылуы мүмкін
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 17:21
Алматыда жер сілкінісінен кейін арнайы учаскелер тексерілді
Аймақтар • Бүгін, 17:12
Атырауда төрт мыңнан астам адам көлік салығын төлемеген
Аймақтар • Бүгін, 16:58
«Turan Standard Pool» платформасы шаруаның жүгін қалай жеңілдетеді?
Форум • Бүгін, 16:44
Шымкентте газ құбырынан өрт шықты
Төтенше жағдай • Бүгін, 16:35
Ақтауда мерзімді әскери қызметші қаза тапты
Төтенше жағдай • Бүгін, 16:24
Мемлекет басшысы Қырғызстан президентімен телефон арқылы сөйлесті
Президент • Бүгін, 16:15