07 Сәуір, 2011

Кәсіпкерлер құттықтауы

569 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
«ҚАЗКА» Қазақстан Кәсіпкерлері қауымдастығының мүшелері Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Қазақстан Республикасының президенттігіне қайта сайлануымен шын жүректен құттықтады. Осынау айқын жеңіс барша Қазақстан халқының Елбасы­мызға деген сенімінің жоғары дәрежесінің дәлелі. Еліміздің тәуелсіздік кезеңінен бастап Елбасы басшылығымен саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларды іске асыруда, әлемдік қоғамдастыққа интеграциялануда, көп ұлтты ха­лық­тың бейбітшілік пен мейірімділікте жаңа мемлекет салуда елеулі табыстарға қол жеткізуіне тек қазақстан­дық­тар ғана емес, бүкіл әлем куә, делінген құттықтауда. Қазақстан Елбасымыздың көшбасшылығымен алдыңғы қатарлы демократиялық мемлекетке айнал­ды. Елбасымыздың орасан зор саяси тәжі­ри­бесі, өмірлік даналығы мен сарқылмас күш-қуаты әлі ұзақ жылдар бойы Қа­зақстан халқының мүддесіне қызмет ететініне күмән жоқ.